1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Токио Олимпиадасы: балуан Дәулет Ниязбеков қола жүлдеден қағылды 07 тамыз 2021, 16:53

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниязбеков 65 келіге дейінгі салмақта қола медальді үндістандық Баджранг Пуниямен сарапқа салды. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 0:8 есебімен жеңіліп қалды.   

Бұған дейін ол жұбаныш жекпе-жегінде сенегалдық Адама Диаттемен кездесіп, 10:0 есебімен басым түскен.

Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңілген еді. Ал 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын.

32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram