05 тамыз 2021 15:53

Токио Олимпиадасы: каратэші Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Владислав Семенов / olympic.kz Фото: Владислав Семенов / olympic.kz

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

55 келіге дейінгі салмақта В тобында өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай алғашқы қарсыласы мысырлық Сайед Радваны 7:2 есебімен жеңді.

Бірақ кейін екінші кездесуінде австриялық Беттина Планктан 3:4 есебімен жеңіліп, украиналық Анжелика Терлюгамен тең түсті - 4:4. 

Қазақстандық каратэші шешуші төртінші жекпе-жекте жапониялық Михо Мияхараға 2:11 есебімен жол беріп, жартылай финалға шыға алмады.

Мөлдір Жаңбырбай - Қызылорда тумасы, 24 жаста. Ол биыл Париждегі лицензиялық турнирде екінші орын алған болатын.  

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық тағы бір каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыққан еді. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының бес медалі бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов та қола жүлде еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети