23 шілде 2021 09:00

Токио Олимпиадасы: қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Яковлев. Фото: ҰОК, Сали Сабиров/Владислав Семенов Владислав Яковлев. Фото: ҰОК, Сали Сабиров/Владислав Семенов

Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Академиялық есу жарысына Владислав Яковлев сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Есушілердің жекелей сындағы финалы 30 шілдеде өтеді. 

Айта кетейік, бүгін, 23 шілдеде, Олимпиадада қазақстандық садақшылар бақ сынайды. Сайысқа Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қатысады. Іріктеу Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де басталады.

Ал 17.00-де Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети