20 шілде 2021 12:38

UFC басшысы МакГрегордың аяғындағы жарақаты туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters. Фото: Reuters.

UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық файтер Конор МакГрегордың аяғы бұрыннан ауыратынын айтты. Бұл туралы Yahoo! Sports жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық файтер Конор МакГрегордың аяғы бұрыннан ауыратынын айтты. Бұл туралы Yahoo! Sports жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде спортшы созылмалы артритпен ауырған. Уайт Дастин Порьемен UFC 264-те жекпе-жек алдында МакГрегор аяғын байлауға рұқсат сұрағанын айтты. Алайда соңғы сәтте ол қажет емес деп ұйғарған.

Сонымен қатар, ол спортшының қалпына келу кезеңіне бір жыл кететінін айтты.

Бұған дейін МакГрегор Twitter-де жаттығу кезіндегі суреттерін жариялаған болатын. Онда файтердің сол аяғы байланғанын көруге болады. "Жекпе-жекті ұнататындар 13 секундқа да шыдамас еді", - деп жазды спортшы жазба сипаттамасында.

Еске салайық, Конор Макгрегор Дастин Порьеден кейінгі кездесуінде де жеңіліп қалды. Жекпе-жекті дәрігер тоқтатты. Себебі МакГрегор бірінші раунда аяғын сындырып алғаны хабарланған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді. 

Айта кетейік, алты жыл бұрын Конор Порьені бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын, алайда биыл қаңтарда Дастин реванш алып, екінші бес минутта мәреге жетті.

Енді 32 жастағы ирландиялық файтерде алты жеңілісі және ММА-да 22 жеңісі бар және бұл соңғы бес жекпе-жектегі үшінші жеңіліс. Ал 32 жастағы Порье карьерасында 28 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети