13 шілде 2020 09:52

UFC өкілдері мен матчмейкер Жалғас жеңді деп санайды - Жұмағұловтың менеджері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mmajunkie.usatoday.com Фото: mmajunkie.usatoday.com

Жалғас Жұмағұловтың шаруасымен айналысатын қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов файтердің UFC-дегі дебюті туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жалғас Жұмағұловтың шаруасымен айналысатын қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов файтердің UFC-дегі дебюті туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

UFC 251 турнирінде Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайвадан төрешілер шешімімен жеңілген болатын

Әбдірахмановтың айтуынша, төрешілердің жеңісті Пайваға бергеніне UFC өкілдері де келіспеген. Менеджер бұл жеңіліс Жұмағұловтың ұйымдағы жағдайына әсер етпейтінін айтты.  

"Төрешілердің шешімімен келіспейміз. Жалғас екінші және үшінші раундта жеңді деп санаймыз. Егер қарсылас салмақ түсірмегенін және ереже бұзғанын ескерсек, төрешілер Жалғасты таңдауы керек еді, бірақ олар жекпе-жекті басқаша қарады.

Өкінішке қарай, төрешілердің қате шешімдері - ММА-дің бір бөлігі, сондықтан оларды айналып өту мүмкін емес. Ең бастысы, UFC командасы мен матчмейкер Жалғас жеңді деп санайды, сондықтан бұл нәтиже оның ұйымдағы жағдайына әсер етпейді", - деді Әбдірахманов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети