1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

UFC тарихында ең жоғары табыс тапқан файтер анықталды

Фото: twitter.com/abratolyubov Фото: twitter.com/abratolyubov

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, МакГрегор өзінің жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар алған. Екінші орында ауыр салмақта жұдырықтасатын голландиялық Алистар Оверим, оның жалпы табысы - 8,7 миллион доллар. Ал жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов үшінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, МакГрегор - UFC ұйымында екі салмақтағы чемпион болған. Forbes мәліметінше, 2019 жылы ирландиялық файтер 45 миллион доллар табыс тапқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар арзандады