Универсиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға көтерілді

31 Қаңтар 2017, 14:55
0
Универсиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға көтерілді - © AlmatyLife
© AlmatyLife

Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай қазақстандық фристайлшылардың командалық жарыста жеңісіне орай болды. Қытайдың екі командасын басып озып, алтын медальді ел қоржынына салған Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек.

Спортшыларымыз 167.05 ұпай алды, ал қарсылас қытайлық екі команда 113.02 және 87.77 ұпайдан алды.

Осылайша, Қазақстан қоржынында сегіз медаль: екі алтын, екі күміс, төрт қола. Бірінші орында Ресей тұр, оларда жеті алтын бар.

Еске салайық, еліміз үшін бірінші алтынды Алина Райкова алды. Ол екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өткен еді. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).

Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетіп, +3:10). 

Еске сала кетейік, кеше, Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медаль алған болатын. (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыстан). Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай