Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үш балуанымыз үздік ондықтың қатарында

12 Наурыз 2014, 15:01
0
Даулет Ниязбеков. Сурет: inform.kz
Даулет Ниязбеков. Сурет: inform.kz
Халықаралық күрес ассоциациясы (ФИЛА) еркін күрес балуандарының жаңа рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстанның үш балуаны үздік ондықтың қатарына енген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа тізімді ФИЛА балуандардың ақпан айында көрсеткен өнерлеріне байланысты жасаған. Тізімде қазақстандық балуандардың ішінде ең жоғары көрсеткішті 57 келіде белдесетін Руслан Қалиев көрсетіп тұр. Жыл сайын Иран жерінде өтетін "Тахти Кубогі" деп аталатын турнирде екінші орын алған Руслан тізімнің алтыншы сатысына орналасқан. Бұл салмақта ирандық балуан Хасан Рахими бірінші орында тұр. Екінші орында үндістандық Амит Кумар болса, үздік үштікті ресейлік Нариман Исрапилов түйіндеп тұр.

61 келі салмақта отандасымыз, "Тахти Кубогінде" топ жарған Дәулет Ниязбеков тізімнің жетінші сатысанан орын алыпты. Бұл салмақта бірінші және екінші орынды ресейлік балуандар Бекхан Гойгереев пен Джамал Отарсұлтан бөлісіп тұрса, үшінші орынға әзірбайжандық спортшы Гаджи Әлиев тұрақтапты.

Сол "Тахти Кубогінде" 65 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды қанжығасына байлаған Дәурен Жұмағазиев тізімнің он төртінші сатысында. Түркиялық Якуп Гор бұл салмақта тізімнің бірінші сатысына жайғасыпты. Ал, ирандық Реймен Иарахмади мен ресейлік Израиль Касумов екінші және үшінші орында.

Лондон Олимпиадасында 74 келі салмақта қола медальді еншілеген Ақжүрек Таңатаров та бұл тізімге енген екен. Олимпиада ойындарынан кейін біршама уақыт үзіліс жасап, спортқа қайта келген Ақжүрек рейтингтің он бесінші сатысына жайғасыпты. Ақжүректің салмағында бірінші орын АҚШ балуаны Иордания Берроуздың еншісінде. Екінші орында ирандық Ессадоллах Акбари. Үшінші орынға өзбекстандық Рашид Құрбанов табан тіреп тұр.

97 келіде белдесетін Алихан Жұмаев тізімде жиырмасыншы орнына іліккен. Бұл салмақтың көшін ирандық Реза Яздани, әзірбайжандық Хетаг Газумов, украиналық Павел Олейник бастап тұр.

Ал, аса ауыр салмақта (125 келі) "Тахти Кубогінде" екінші орын алған Дәулет Шабанбай 9 орында. "Түйе" балуандардың арасындағы мықтылардың тізімінде ресейлік Хаджмурад Гацалов, украин Ален Засеев, түрік Таха Акгуль бар.









Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай