14 ақпан 2021 13:08

Усман Бернсті жеңіп, UFC титулын үшінші рет қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC© UFC©

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы нигериялық Камару Усман UFC 258 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Гилберт Бернсті жеңіп, титулын үшінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жектің бірінші минутында Бернс чемпионды нокдаунға түсіре жаздады, оның оң қолы Усманның басына тиді. Усман тепе-теңдік сақтау үшін канвастан ұстануына тура келді. Кейін Гилберт бастан теуіп, өзі құлап қалды, сол уақытта Камару оның тұруына ұзақ уақыт мүмкіндік бермей, өзі қалыпқа келіп алды.

Ал екінші раундта Усман алға шығып, жағдайды мұқият бақылай бастады. Бернс соққылардан кейін құлап қалды, бірақ Усман оған көтерілуге мүмкіндік берді. Гилберттің беті қансырады.

Үшінші раундтың басында Бернс тағы оң қолымен джеб жасағысы келіп, өзі нокдаунға түсіп қалды. Осылайша Камару қарсыласының басына бірнеше рет соққы жасап, рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети