17 қаңтар 2017 22:43

Вьетнамдық портал Сабина Алтынбекованы ең сұлу волейболшы қыздар тізіміне қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова Вьетнамның 24h.com.vn порталы дайындаған ең сұлу волейболшы қыздарының тоғыздығына кірді, - деп хабарлайды Prosports.kz.


Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова Вьетнамның 24h.com.vn порталы дайындаған ең сұлу волейболшы қыздарының тоғыздығына кірді, - деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұның алдында қазақстандық волейболшы қыз Қытайдың спортсүйер қауымын сұлулығымен тәнті еткен. 2014 жылы осы елде өткен жастар чемпионатында қытайлық жанкүйерлер мен журналистер Алтынбекованы жапон анимесінің сүйкімді кейіпкерлеріне теңеген. Осылайша, бірнеше күнде қазақстандық спортшы қыздың Азияда жүз мыңдаған табынушысы пайда болды. 

Оның Instagram желісіндегі парақшасына жазушылар саны 625 мың адамнан асты. Дегенмен, Сабина өзіне бірінші кезекте спортшы ретінде қарауын жөн көреді. 2015 жылы ол Жапонияға біліктілігін арттыруға барып, жергілікті клуб сапында ойнады. Бірақ, бір жыл өте Қазақстанға қайтып келді. Қазіргі кезде Сабина Алтынбекова өз командасының капитаны. Ал жақында Сабина өзінің туған қаласы Ақтөбеде волейбол клубын ашатыны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети