21 желтоқсан 2021 11:52

WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Деметриус Андраде, Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com, @boobooandrade, @janibek_alimkhanuly Деметриус Андраде, Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com, @boobooandrade, @janibek_alimkhanuly

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) және Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы өтетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) және Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасы өтетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

WBO боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдаған, ол бойынша тараптар кемі 200 мың доллар ұсыныспен бокс кешін ұйымдастыру құқы үшін таласа алады. Ресми құжатта сауда шарттары көрсетілген. 

Бұл айқас гонорары шамамен, екі түрлі бөлінеді - 75 пен 25 немесе 80 мен 20. Оның үлкен бөлігі чемпионға тиесілі, ал азы үміткерге. Ал сауданың шамалай уақыты - 2022 жылдың 15 қаңтары.

Әлімханұлы Twitter-де WBO шешіміне қатысты: "Оңай жұмыс", - деп жазды.

Бұған дейін қазақстандық келесі жекпе-жегі туралы ақпараттың жақын арада шығатыны туралы хабарлаған болатын. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы Андрадемен жұдырықтасуға міндетті қарсылас ретінде белгіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети