27 наурыз 2014 12:25

Йозеф Блаттер УЕФА-ны 60 жылдық мерей тойымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ФИФА президенті - Йозеф Блаттер. Сурет: (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер ФИФА президенті - Йозеф Блаттер. Сурет: (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер

Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер Астанада өтіп жатқан УЕФА конгресінде сөз сөйлеп, ұйымның 60 жылдың мерей тойымен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер Астанада өтіп жатқан УЕФА конгресінде сөз сөйлеп, ұйымның 60 жылдың мерей тойымен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ФИФА президенті үшін УЕФА-ның конгресінде әр елдің делегаттары алдында сөз сөйлеу үлкен құрмет. Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметовтың конгреске қатысып жатқаны және алғы сөзі үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар конгресті жоғарғы деңгейде қабылдап жатқан Қазақстанға да алғыс айтқым келеді. Өткен жылы Қазақстан футболы жүз жылдық мерей тойын тойлаған еді. Ал, биыл УЕФА-ға 60 жыл толып отыр. Сондықтан да Астанада жақсы көңіл-күймен жиналуға толық негіз бар. Ханымдар мен мырзалар, ФИФА мүшелері атынан мен баршаңызды ұйымның 60 жылдық мерей тойымен құттықтаймын. Жарты ғасырдан көп уақыт ішінде футболдың дәл осы деңгейге көтерілуі үшін көп жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да жемісті жұмыс атқаратындарыңызға сенімдімін", - деді ФИФА президенті Йозеф Блаттер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети