Бали аралы маңында паром суға батып, 43 адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN Indonesia агенттігіне сілтеме жасап.
Паром жүзіп шыққаннан кейін 25 минут өткен соң суға кеткен. Сол сәтте кемеде 65 адам болған – 53 жолаушы және 12 экипаж мүшесі. Екі адам қаза тауып, 20 адам аман қалған, олардың көпшілігі ес-түссіз күйде табылған.
"2 шілденің кешінде Балидегі бұғазда KMP Tunu Pratama Jaya паромы суға кетті. Кетапанг – Баньуванги – Гилиманук бағытымен жүрген кеме жүзіп шыққаннан кейін шамамен 25 минуттан соң апатқа ұшыраған", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, паромда 22 автокөлік, соның ішінде 14 жүк көлігі болған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!