Мысырдағы Эль-Файюм қаласында арыстан хайуанаттар бағының қызметкерін талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Агенттік Youm7 басылымының мәліметтерін келтірді.
"Эль-Файюмдегі хайуанаттар бағының қызметкері арыстан басын тістеп алғаннан кейін қаза тапты", – делінген хабарламада.
Газеттің мәліметінше, марқұм 47 жаста болған және хайуанаттар бағында күзетші болып жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға болған күні қызметкер тепе-теңдігін жоғалтып, арыстанның торына құлап кеткені атап өтіледі. Жыртқыш оны басынан қатты жарақаттап, салдарынан қызметкер қаза тапқан.
Басылым мәліметінше, оқиға орнына келген құқық қорғау органдары арыстанды атып тастаған. Қайғылы жағдайға байланысты Эль-Файюм билігі хайуанаттар бағын уақытша жапқан.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!