АҚШ Президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салатын жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Сыртқы саясатты, ұлттық қауіпсіздікті және АҚШ-тың терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып, келесі 12 елдің азаматтарына кіруге толық тыйым салу және шектеу енгізуді шештім: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен", – делінген құжатта.
Жарлықта бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және бейиммиграциялық визалар бойынша келетін шетелдіктерге қатысты екені нақтыланған.
Сондай-ақ, Трамп жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге ішінара шектеу қойды. Олардың қатарында Куба, Түрікменстан және Венесуэла бар.
"Келесі жеті елдің азаматтарына ішінара тыйым салу және шектеу енгізуді шештім: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла", – делінген құжатта.
Шектеулердің сипаты әртүрлі болғанымен, олар иммиграциялық және бейиммиграциялық визаларға да қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!