Қазақстанда бес жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы қалай өзгерді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.

2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес педагогтердің еңбекақысы 100 пайызға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылғы қыркуйектен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 пайыз көлемінде үстемеақы қосылған.

"Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100 пайыз) байланысты қалыптасады.

Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге мынадай үстемеақы төленеді:

  • Педагог-шебер – 50 пайыз
  • Педагог-зерттеуші – 40 пайыз
  • Педагог-сарапшы – 35 пайыз
  • Педагог-модератор – 30 пайыз.

Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлініп келеді, олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда кемінде 25 пайызға жоғары.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңге болды.

Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасап, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.

Сонымен қатар, Қазақстан білім беру ісіндегі жетістіктері, олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны және мемлекеттік наградаға ие болғаны үшін ақшалай сыйақымен марапаттауды үрдіске айналдырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйақының лауреаты атанды, сыйақы көлемі 3,6 миллион теңге (1000 АЕК) болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro