Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: нұсқаулық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандықтар енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"Ұлттық цифрлық технологиялар" деректеріне сүйенсек, бұл жаңа қызмет құжатының жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда, оны жоғалтқанда, ұрлатқанда немесе төлқұжат деректері өзгерген кезде қолжетімді. Қызмет іске қосылған сәттен бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланған.

Бұл қызметтің ыңғайлы тұсы – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат үш жылдан аспайтын мерзімде шығарылған болуы керек.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өту қажет.
  • "Қызметтер" бөлімінен "Жүргізуші және көлік" санатын таңдап, "Жүргізуші куәлігін беру" қызметін басу керек.
  • Құжатты алу үшін ХҚКО таңдау, ауыстыру себебін көрсету, фотосурет пен қолтаңба үлгісін жүктеу, байланыс нөмірін енгізу қажет.
  • Мемлекеттік баж салығын 4 915 теңге көлемінде төлеу керек.
  • Өтінішті Face ID немесе Touch ID арқылы растау қажет.

Нәтиже "Хабарламалар" бөлімінде көрсетіледі.

Өтініш мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлік пен ескі жүргізуші куәлігін көрсету арқылы алуға болады. Егер ескі құжаттың жарамдылық мерзімі әлі аяқталмаса, ол жаңа құжат дайын болғанша күшінде қалады.

Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro