03 желтоқсан 2014 11:22

1986 жыл: көтеріліс пе, оқиға ма, толқу ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақ баласы 300 жыл бойы отарлау саясатының тегеурінді тепкісін көрді. Сол 300 жыл ішінде саңлақтарымыз азаттық үшін империяға қарсы шығып, 300-ден астам (кейбір деректерде 400-ге жуық) ірілі-ұсақты көтеріліс жасады. Әрине, Хан Кененің қарулы қарсылығымен басталған күрестің нүктесі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен соң қойылып, бабалар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бірақ осыдан 28 жыл бұрын Алматының алаңына шыққан 20 мыңға жуық азаматымыздың бас көтеруіне толық саяси баға бере алдық па? Бұл Желтоқсан дүрбелеңі бейбіт шеру ме, оқиға ма, толқу ма, әлде ұлт-азаттық көтеріліс пе? Осы бір сауалдарды ой-таразысына салып, безбендеп көрелікші.

Бейбіт шеру...

Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан Ком­партиясы Орталық Комитетінің бірінші хат­шы­лығынан алынып, оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Бұл, саяси тұрғыдан алсақ, жай ғана наразылық емес, сол тұстағы қазақ халқының ұлттық санасының көте­ріл­ге­нін көрсетеді. Мәселен, 17 желтоқсан күні ер­теңгісін алаңға шыққандардың қарасы 300-ге жуық қана адам болса, кешкісін олар­дың саны 10 мыңнан асып кетті. 18 желтоқсан күні бұлардың қатары 20 мыңға жуықтады. Демек, «Әр ұлттың өз басшысы болсын» деген ұранды ту еткен қазақтың ұл-қызы бейбіт түрде күресіп, саяси көзқарастарын біл­діргісі келді. Олар «билік қарсы күш қол­данады» деген ойдан аулақ болды. Осы бір жағдаятқа қарап, бұл оқиғаны «бейбіт шеру еді» деп топшылауға болмайды. Неге?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети