12 ақпан 2024 14:27

2024 жылы зейнетақы жинағын кімдер ала алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар өз зейнетақы жинағын өмір сүру жағдайын жақсартуға, сондай-ақ емделуге жұмсауға мүмкіндік алды. 2024 жылы зейнетақы жинақтарын кімдер ала алады - Tengrinews.kz материалында.


Бірнеше жылдан бері қазақстандықтар өз зейнетақы жинағын өмір сүру жағдайын жақсартуға, сондай-ақ емделуге жұмсауға мүмкіндік алды. 2024 жылы зейнетақы жинақтарын кімдер ала алады - Tengrinews.kz материалында.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Tengrinews.kz редакциясы сұрауына берген жауабы бойынша, Зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік жасқа толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар толық көлемде ала алады. Ол үшін олар қорға (жеке, пошта арқылы немесе сенім білдірілген өкіл немесе заңды өкіл арқылы) БЖЗҚ сайтында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Осыдан кейін зейнетақы он жұмыс күні ішінде төленеді.

Сондай-ақ, зейнетақы жинағын төлық көлемде тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан қазақстандықтар пайдалана алады, атап айтқанда:

  • әскери қызметшілер;
  • арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 25 жыл еңбек сіңірген және қызметтен босатылған кезде заңнамада белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған.

БЖЗҚ мәліметінше, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге жүгіне алады. Емдеу ақысын төлеу үшін болса, тек Отбасы банкіне.

Сондай-ақ, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес қамтамасыз еткен қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы қордың ресми сайтында да көрсетілген.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алады:

  • зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткілікті шектен асастындар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен белгіленген ең төменгі жеткілікті шек арасындағы айырмадан аспауға тиіс;
  • БЖЗҚ-да жинақтары бар зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және/немесе емделуге қалған соманың 50 пайызына дейін пайдалана алады, бірақ олардың жиынтық зейнетақысы (жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда) бұрын алынған жалақының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана.

2024 жылы зейнетақы жинағын толық немесе ішінара ала алатын азаматтар тізімін кеңейту жоспарланып отыр ма деген сұраққа БЖЗҚ былай жауап берді:

"Зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар тұлғаларды Әлеуметтік кодекс белгілейді. Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бастамасы Үкімет құзыретінде".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети