19 наурыз 2014 18:14

Ұлыстың ұлы күні шекараны жауып тастап, тоғыз күн тойлауға не кедергі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай ОМАРОВ (коллаж) Абай ОМАРОВ (коллаж)

 Қасиетті Жер-ана ақ көрпесін ысырып тастап, жасыл желекті көйлегін киді. Күннің көзі күлімдеп, ғалам мейірімді бір ананың кейпіне еніп, тіршілік атаулы жаңарып, жаңғырып жатыр. Әз-Наурызда төл жаңа жылымыз да босағамызды аттап, адамзат атаулы шат-шадыман күйге енген. Ақ жаулықты аналарымыз қыстан қалған бар жылы-жұмсағын қазанға салып, наурыз көже пісіріп, мәре-сәре. Әрине, әр қазақ баласы жылыстап жеткен Жылан жылынан тек жақсылық күтетіні хақ. Сол үміт еткен жақсылықтың баянды болмағы, Әз-Наурыз өз биігінен, өз орынтағынан көрінуі үшін не істемек керек? Біздің бүгінгі сұрағымыз осы… Мәселен, төте жолды «Әз-Наурызды шекараны жауып тастап тоғыз күн тойлау керек пе?» деген сауалдың астарынан іздеп көрелікші.

Наурыз – қазақтың төл мерекесі
 
Әз-Наурыз – ұлттық мереке. Бұл қазақы мейрамның шыққан жерін, тарихтағы мөлдір бұлақтай бастауларын шығыс халықтарынан немесе парсылардан іздеуді, өзіміздің төл мере­кемізді осы арқылы жат елдерге тели салуды до­ғару қажет. Қазақтың абыз-ақсақалы, белгілі этнограф-ғалым, марқұм Жағда Бабалық ата­мызбен бірге өткізген сәттерімізде осы ойды жиі айтушы еді. Ол кісі 1970 жылдары Мәскеудегi Ленин атындағы кiтапхананың архивiнен ескi бiр жырды кездейсоқ қолға түсiргенін, араб әрiп­терiмен жазылған сол жырда Нұх пайғамбардың кемесi күн мен түннiң теңескен күні Қазығұрттың басына тоқтағаны, Нұх пайғамбардың кемеден түскен барша тiршiлiк иелерiне ең ұлық мереке – күн мен түннiң теңелуiн, яғни жаңа бiр өмiрдiң басталуын тойлауға әмiр бергенi жа­зылыпты дейтін-ді. Осы аңызды ақиқатқа балауға да бо­латынын айтып, қызықты деректерін тізбелейтін. Қазы­ғұрт тауы – қазақтың жері. Демек, біздің ға­лым­­дар осы негізді әңгімені індете зерттесе, әлем­дік өркениет үшін Наурыздың егесі қазақ бо­лып шы­ғар еді. Яғни ғаламның бірқатар елдерінде аталып өтетін Әз-Наурыздың заңды мұрагері де – бізбіз. Олай болса, төл Жаңа жылымызды басқа ме­рекелерден бөлекше тойлау керек қой. Мәселен… 
 
Түрікмен, өзбек, қытай төл мерекелерінде шекараны жауып тастайды
 
Мысалы, Түрікменстанда 12 желтоқсанда өзге ешбір елде кездесе бермейтін өздеріне ғана тән «бей­тараптық күні» аталып өтіледі. Осы мерекеде түрік­мендер шекараны жауып тастайды. Бұл шектеу 7-сінен 13-інші желтоқсанға дейін, яғни алты күнге жалғасады. Ал іргедегі саясаты құбылмалы өзбектер «Мустакилик байрамы» (Тәуелсіздік мерекесі) кезінде де шекарасын бекітіп алып тойлайды. Қытайлар болса, жылда өздерінің ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлауға байланысты қаңтардың аяғынан бастап шекарасын екі аптаға  жауып тастайды. Неге? 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети