30 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos.com/shisuka Фото: depositphotos.com/shisuka

Қазақстанда 28 мыңнан аса адам банкрот деп танылды. Мемлекет 147 миллиард теңгеден астам қарызды кешірді, - деп хабарлайды Tengri Life.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 28 мыңнан аса адам банкрот деп танылды. Мемлекет 147 миллиард теңгеден астам қарызды кешірді, - деп хабарлайды Tengri Life.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттық туралы заң күшіне енді. Ол азаматтардың төлеуге шамасы келмейтін қарыздардан ресми түрде құтылуға мүмкіндік береді. Үш түрлі рәсім қарастырылған:

  • Соттан тыс – eGov порталы арқылы өтініш беру арқылы, сотсыз;
  • Сот арқылы – мүлік болған жағдайда, сот арқылы;
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – тұрақты табысы бар азаматтар қарызды кесте бойынша төлейді.

Соттан тыс банкрот деп тану - табысы мен мүлкі жоқ азаматтарға арналған, қарыздар жай ғана кешіріледі. Сот арқылы банкрот деп тану кезінде мүлік сатылуы мүмкін, ал қалған қарыз кешіріледі. Төлем қабілетін қалпына келтіру – тұрақты табысы барлар үшін балама жол: қарызды белгілі бір мерзімде өтеп, мәртебесін сақтайды.

2025 жылғы мамырдың аяғына қарай 28 400 қазақстандық мемлекеттік кірістер органдары арқылы банкрот деп танылған, ал 196 адам – сот арқылы. Жалпы кешірілген қарыз сомасы – 147,1 миллиард теңге.

Тағы 103 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолын таңдаған. Соның ішінде сегізінің төлем кестесі бекітілген.

Қазақстандықтар банкрот деп тану рәсімін жиі қолдана бастады. 2024 жылы барлығы 83 057 өтініш түскен болса, 2025 жылдың алғашқы бес айында – 77 106 өтініш берілген.

2024 жылғы 20 тамыздан бастап рәсімдерді қолжетімді еткен маңызды өзгерістер күшіне енді:

  • тұрақты табыс болса, төлем қабілеттілігін тіпті қарыз кешіктірмей-ақ, мүлкі жоқ болса да қалпына келтіруге болады;
  • соттан тыс банкрот деп тану енді МҚҰ, ломбард, коллектор алдындағы қарыздарға да қолданылады – тек банктермен шектелмейді;
  • өтініш беру жеңілдеді – енді қарыз сомасын, несие берушілер туралы мәліметті көрсетудің, құжаттар қосудың қажеті жоқ;
  • 1 АЕК-тен төмен төлемдер қарызды өтеу болып саналмайды – мерзім соңғы "толыққанды" төлемнен бастап есептеледі.

Қазір Парламентте жаңа өзгерістер қаралып жатыр, олар 2025 жылдың аяғына дейін қабылдануы мүмкін:

  • 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар бойынша "қарызды реттеу" міндетін алып тастау;
  • соттан тыс банкрот деп тану рәсімін еш себепсіз тоқтату құқығын беру;
  • банкрот деп тану рәсімі аяқталған соң, кредиттік бюролар базасында болмаған қарыздарды да автоматты түрде тоқтату.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer