45 күн қалды: қанша алматылық мопедін тіркеуге қойды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Алматыда мың мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мың мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының әкімшілік полициясы мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады: олар көлік құралының тіркеу нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

"Сонымен қатар мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі", - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

5 сәуірден кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және "А1" санатты жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды.

Жаза: 10 АЕК, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer