Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Еркектердің ұрығы сұйылып кетіпті

02 Қыркүйек 2014, 15:44
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінде ерлеріміз қоғам назарынан мүлдем тыс қалғандай әсер қалдыратыны бар. Бар жақсылықты балаларға, сосын нәзікжандыларға жасап жатқанымыз рас. Дегенмен де еліміздің өндіруші күшін де ұмыт қалдырмағанымыз абзал болар еді. Барлық мәселеге керенау қарайтын бөріктілерімізге мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөліп, ерлер денсаулығы туралы заң қабылдасақ та артықтық болмас. Өйткені ер-азаматтарымыздың халі адам аярлықтай болмаса да, денсаулығының тым мүшкіл екенін жасыра алмаймыз енді. Расы осы...

Бір-екі жыл бұрын Шымкентте «Ерлер денсаулығы орталығы» ашылғанда еліміздегі тұңғыш қарлығаш деп бөркімізді аспанға ата қуандық. Расында бізде ерлер проблемасы жетіп артылады екен. Еркектер облыс түгілі еліміздің түкпір-түкпірінен әлгі орталыққа лап қойды. Бір ғана андрологтың алдын босатпайтын болды. Тіпті екі-үш апталап кезекке тұрып дәрігердің алдына әзер кіргендері көп. Осыған қарап ерлер денсаулығына әлі де жіті назар аудару қажеттігі туындары сөзсіз. Бұрындары тек еркектерді ғана қарайтын андролог маман оңтүстік облыста біреу ғана деп дабыл қағатынбыз. Сөйтсек басқа облыстарда соның бір түйірі де жоқ екен ғой. Андролгты болу бақыты бұйырмай тұрған өңірлер көп екен сөйтсек. Қаны жерге тамбай тұрған қат маманды дайындау бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Әзірге еркектердің негізгі ауруын емдеумен урологтар айналысуда. Оған да алқамшүкір деуге болады. Өткен жылы Алматыдағы урология орталығының мамандары елдегі 25 мыңнан астам ер-азаматты тексеруден өткізген болатын. Жағдай жаға ұстатарлықтай болып шықты. Нәтижесінде еркектердің 30 пайызының белінен бедел кеткені белгілі болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында жүргізілген тексерісте Алматыдан арнайы 5 профессор келген болатын. Еркектердің барлығына да тереңдетілген тексеру жүрігізіліп, кардиолог, уролог, андролог, эндокринолог, сексопатологтар тегін кеңеспен жарылқады. Тексеру нәтижелерінен кейін дәрігерлер оңтүстіктің еркектерінің жұқпалы ауруларға бейім екенін, атеросклероз, белсіздік дертінен көп зардап шегетініне көз жеткізді. Бәрінен бұрын семіздік дертіне тұсалғандардың көп екендігі алаңдаушылық туғызып отыр. 20 жастан 30-ға дейінгілердің тек 5 пайызы ғана денсаулығында кінәраты жоқ деп танылды.... Бұдан кейін өзге аймақтарда да арнайы тексеріс жүргізілді. Бұл тексерісте еліміздегі бүткіл еркек біткен түгел қамтылды дей алмаспыз. Әсіресе шалғай ауылдардағы азаматтарымыз тыс қалды. Бірақ осы 25 мың еркектің денсаулығындағы кінәратқа қарап-ақ жағдайлары мәз еместігі белгілі болып қалды-ақ. Бұрындары еркектердің денсаулығын тексеру мүлде қолға алынбаған, осы уақытқа дейін назардан тыс қалып келген-тін. Сондықтан да болар әлі күнге дейін арнайы жүйе жасалмаған. Ал дамыған елдерде еркектердің денсаулығын жіті бақылауда ұстайтын арнайы бағдарлама бар. Тіпті мына тұрған Ресейде «Ерлер денсаулығы» атты арнайы бағдарлама енгізілген. Онда еркектерге тән аурулардың алдын алу үшін, олардың денсаулығын жақсарту үшін арнайы жоспар жасалынып, жүйе бойынша жұмыс атқарылады. Ол үшін әрине қазына қазанынан қомақты қаражат бөлінеді. Адам басын көбейту үшін жасалынып жатқан шаралардың алғашқы тармағында ең алдымен осы мәселені қолға алып отыр олар. Сондықтан да нәтиже болары сөзсіз әрине. Ал біз қашпаған сиырдың уызынан дәметуліміз... Дамыған елдерде 35 жасқа келген әрбір ер адам міндетті түрде толықтай медициналық тексерілуден өткізіліп тұрады. Ал бізде өз саулығына бас назар аударып ең болмаса жылына бір рет тексеруден өтіп тұратын еркек бар ма, әй қайдам таппайсыз-ау. Мамандардың мәлімдеуінше еліміздегі отбасылардың 35 пайызы бала сүю бақытынынан мақрұм қалған. Бұл дегеніңіз осыншама үйде «Бесік жыры» айтылмайды деген сөз. Еліміздегі №1 демограф һәм санақшы көкеміз Мақаш Тәтімовтің мақамына сайсақ «осыншама жағылмаған шырақ, туылмаған бала»....

«Ұрық аз, донор керек, донор....»

Серілікпен сайрандап жүрген ерлердің 70 пайызы түрлі жыныстық жұқпалы аурулардан зардап шегеді. Оның соңы белсіздікке әкеп соқтырары сөзсіз. Адам ағзасындағы білдірмей ауыратын аурулардың салдарынан дәрігерге қаралмай жүре беретіндер көп. Соның салдарынан қолдарын мезгілінен кеш сермейтіндер көп. Жыныс мүшесіне жара шығып, іріңдегенде ғана амалдың жоқтығынан дәрігерге көрінеді.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай