Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.70
EUR / KZT - 348.20
CNY / KZT - 45.10
RUB / KZT - 5.49

Маған қызметші емес, келін мен немере керек

10 Қыркүйек 2014, 08:49
0
Нұрғиса Елеубеков (фото)
Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Құрметті газет ұжымы. Бұл әңгімені айтайын, сөйлейін, жамандайын деп емес ішіме сыймай бара жатқан соң жазып отырмын. Түсінігі бар адам өзі-ақ кім, не жайлы екенін бағамдай жатар. Жалғыздық жаныма батып жүр.

Жалғыз ұл болған соң қиын екен. Қанша қыз балалар болғанмен, қазақта ұлдың орны ерекше ғой. Ол да бекер емес, қыздар қияға қонып кеткенде, ұяда отыратын ұл керек.

Үш қыздан соң, көптен күткен ұлымыз да дүниеге келіп, бізді қуантты. Оның орны ерекше болды, елден ерек етіп өсіруге тырыстық. Жалғыз ұл болсада көзінше еркелетпеуге тырысып, артынан тілеуін тілеп жүретінбіз. Оқыттық, жетілдірдік. Шет елге білімін жетілдіруге жібердік. Сөйткен ұлымыз жаман болған жоқ. Оқуды үздік аяқтап, жұмысқа орналасты. Жұмысы жақсы, халықаралық қатынаста жұмыс жасайды. Бір жұма үйде болса, бір ай сыртта дегендей. Мейлі, өссін, өнсін, жұмысын істесін, бізге қайда жүрсе де аман-есен болса болғаны. Бірақ сол ұлымның алған жары, менің жалғыз келінім көңілімді қалдырып жүр.

Олар шет елде танысқан, ұлым сүйемін, күйемін деген соң, құда түсіп алдық. Келінде осы қаланың қызы екен. Шет елде оқығанмен, әке-шешесі қазақи салт-дәстүрдің барлығын біледі, тойымыз қәдімгі қазақтың тойы болып өтті. Кит кигізіп, құйрық-бауыр асалды. Адам аяғы азайып, жиналып, өз-өзімізге келе бастағанда ұлым жұмыстарымен алысқа кетпекші болды. Содан түскеніне бір апта болмаған келінім «менде кетемін, күйеуімнің қасында боламын» деді. Ұялғаннан бетін қақпайық деп жібердік. Содан үйде шалым екеуміз тағы жалғыз қалдық. Қыздар тұрмыста, келген күнде де оларға бір күннен артық қалыңдар деп айта алмаймын. Бала-шағасы ата-енесі бар дегендей. Күндер, айлар өте берді. Ұлым айына бір рет іссапарға кетеді, келінім жұмысқа орналаспасада қасынан қалмайды. Мейлі ғой басында жас, енді үйленді дедік, бірақ арада екі жыл өтсе де келін әдетін өзгертпеді. Үйде қалғысы келмейді, ұлыма іссапар кезінде, жұмысынан өзіне арналған ақша мен үйді бөледі. Келінім барамын деп отырып алған соң, ол амал жоқ барған жерлерінде қосымша шығынданып, үй жалдап, келіншегінің жағдайын жасайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай