Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Ауыл көшпесін десек, мектепті жаппау қажет

11 Қыркүйек 2014, 11:19
0
***
***

Елдегі экономикалық жағдай қиын болған сонау бір жылдары Батыс Қазақстан облысының төрт ауданы тарады. Олардың құрамында болған ауылдар көршілес аудандарға қосылды. Жалпы мұндай үрдіс, яғни әкімшілік-аумақтық бөлініс мәселесі күні кеше ойлап табылған нәрсе емес, бұрын да сан мәрте қайталанған жағдай. Сондықтан жергілікті халық біртіндеп оған да үйреніп, тірліктерін жалғастырып жатыр.

Әрине, ел болғасын заман мен уақыттың талабына сай қиындықтар, түйіткілді тұстар болмайды емес, болады. Сондай қиындықтардың бірі және бірегейі – ауыл халқының азаюы. Нақты айтқанда, жастардың қалаға кетуі себебінен ауылдағы халық өсімінің тоқтауы. Мұндай жағдай - Оралдың іргесіндегі Зеленов ауданының бірнеше елді мекендеріне де тән көрініс. Бұған аталмыш ауданның Чиров, Сулыкөл, Чеботарев ауылдарын аралаған кезімізде көз жеткіздік. Біз болған үш ауылдың тұрмысы бір қарағанда жап-жақсы. Газы, суы келіп тұр. Шыбық шаншысаң талға айналатындай жері құнарлы. Мал басы баршылық. Кез келгені тауық пен үйрек-қаз ұстайды. Дегенмен жастар жағы тұрақтамаса, күні ертең бұл игіліктің бәрін кімге қалдырамыз деп ауылдықтар уайым шегіп жүр.

– Біздегі ең басты мәселе – тоғыз жылдық мектепті қайткенде де ұстап қалу. Бірақ жыл санап оқушылар азайып барады. Қазір 48 оқушы бар. Бірінші класта тек үш бала. Келер жылы тоғыз оқитындар бітіріп кетеді. Олардан кейінгі жағдайды ойлаудың өзі қорқынышты. Мектепті бастауышқа айналдырып жіберсе, қалған балаларды көрші ауылға интернатқа жатқызу керек. Оған ата-аналардың келісе қоюы екіталай. Яғни тұрғындар да амалсыз көшіп кетуі мүмкін, – деп алаңдаушылығын білдірді бізге Чиров ауылдық округінің әкімі Николай Штык.

Бір кездері чировтықтар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды жаппай патронаттық тәрбиеге алып, өзгелерге кәдімгідей үлгі көрсеткен еді. Өкінішке қарай, патронаттық тәрбиеленушінің бірі өзін асырап алған анасы мен оның кішкентай қызын асқан айуандықпен өлтірді. Мұны көрген ауыл тұрғындары жетім балаларды кері қайтарды. Сөйтіп, мектеп шәкірттерінің саны да күрт кеміді.

Әрине, халық саны азайған жерде тоғыз жылдық мектепті ұстап тұру тиімсіз. Үкіметтің қаулысына сәйкес, бала саны 41-ден аз болса, мұндай мектеп жабылып, бастауышқа айналуы тиіс. «Алайда біз мына нәрсені ескеруіміз керек. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Чиров та бар, Ресеймен шекарада тұр. Күні ертең мектеп жабылып, халық үдере көшетін болса шекара маңы жалаңаш қалуы мүмкін. Яғни бұл жерде тек экономиканы емес, сонымен қатар геосаясаттың жайын да естен шығармағанымыз абзал» - дейді Н.Штык.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай