Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 341.27
EUR / KZT - 405.60
CNY / KZT - 51.55
RUB / KZT - 5.96

Сенатор қандастарымызға азаматтықты 3 айда беруді сұрайды

02 Қазан 2014, 15:41
0
Мансұр Хамит (фото)
Мансұр Хамит (фото)

Үкіметте оралмандар мәселесіне тікелей қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» заңнамаға өзгеріс енгізу қаралып жатқаны белгілі. Былайша, айтсақ, атқарушы билік бұрын жіберген қателігін қайта түзетуге қамдану үстіде. Осыны ескерген сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке құлаққағыс жасап, Қытайдағы қандастар мәселесін кезекті рет көтерді.

Сенатордың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары елге оралып жатқан оралмандар үшін «Қазақстанның азаматы» деген атаққа ие болу мұң болып, олардың елімізде тұрақты тұруына да әкімшілік кедергілер бірінен соң бірі қаптаған. Мұндай кедергілер ел Үкіметінің 2012 жылғы 28-наурыздағы 362-қаулысымен, 2014 жылдың 19-ақпанындағы 111 қаулысының негізінде жүзеге асып, қандастарымызға қарсы жасалғандай әсер қалдырып отырған жайы бар. Мәселен, әлгіндей қыңыр қаулылар нәтижесінде өз қандастарымыздан оның азаматтығы, мемлекеттің жазбаша келісімі ретінде болуы мүмкін кету парағы, шетелге тұрақты тұру үшін рұқсатты растайтын басқа құжаттар мен келген елінде соттылығының бар, не жоқтығын растайтын құжаттар талап етіле бастаған. Ал келген елінен әкелінген құжаттарға сол елдің осындағы дипломатиялық өкілдері мөр басып, мақұлдайтыны тағы бар. Мәселен, Қытайдан келсеңіз, сол қытайдан әкелінген құжаттарыңызға Қазақстандағы Қытайдың дипломатиялық өкілдігінің мөрі басылуы керек. «Ашығын айтайық, аталған екі түрлі құжатты әкелу қарапайым оралмандар үшін мүмкін болғандай көрінгенімен, іс жүзінде мүлдем қиын. Әрине, Үкіметтің аталған қаулылары елімізге сырттан келетін келімсектердің көші-қоны ағынан туындайтын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында қабылданғанын түсінуге болатындай. Бірақ, бұдан бұрын мұндай талаптар этникалық қазақтарға қатысы жоқ еді, бұған дейінгі Үкімет қаулыларының басым бөлігінде мәселе шетелдегі қазақтарға қатысты болған жағдайда этникалық қазақ өкілдерінен өзге деген тіркес арнайы қосылатын. Өкінішке қарай, соңғы бірнеше жылдың көлемінде шетелдегі қазақтар мүддесі көбінесе ұмыт қалып, олардың құқықтық дәрежесі өзге шетелд

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай