Геннадий Головкин мен Қанат Исламды шағыстыру кімге тиімді?

25 Қараша 2014, 11:45
0

 Боксшы Қанат Исламның промоутері – Нельсон Лопес кәсіби рингте тағы бір қазақстандық боксшы – Геннадий Головкинге «біраз қиыншылық көрсете аламыз» деген сөзінен кейін бұқаралық ақпарат құралдары бұл тақырыпты бірден іліп алып кетті. Бірқатар спортшылар мен сарапшылар өз ойларын ортаға салып, Головкин - Ислам жекпе-жегін өткізу мүмкіндігін талқылауға көшті. Алайда халықаралық дәрежеде Қазақстанның намысын қорғап, абыройын көтеріп жүрген екі боксшының бір-біріне қарсы шыққаны орынды ма?

Иә, Лопес мырза: «Қанат Ислам - аса мықты боксшы. Болашақта ол Геннадий Головкинге біраз қиыншылық көрсетуі мүмкін. Мен былай айтар едім: «GGG, дайындал, біз келе жатырмыз!», - деп мәлдімдеме жасағанда, Қанаттың сол жекпе-жекті қалайтынын жеткізген болатын. Алайда біз оны Исламның өз аузынан естіген жоқпыз. Демек, әзірше бұны «PR акция» деуге әбден болады. «Біз бұл жекпе-жекке чемпион ретінде жетуіміз керек», - дейді Лопес. Бүгінде Қанат Исламның қоржынында бір титул бар. Ол –WBA Fedecaride дәрежесі бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай