Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

ТМД құпия ақпараттарды қорғауды күшейтеді

27 Қараша 2014, 10:54
0

 Кеше Парламент Мәжілісінде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған келісімге 2013 жылы 25 қазанда Минск қаласында ТМД мемлекеттер басшылары қол қойған болатын. Ал құжат Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының құпия ақпараттарды өзара қорға туралы келісімдері негізінде дайындалған.

«Заң жобасының мақсаты – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құпия ақпараттарының қауіпсіздігін қорғау болып табылады. Ал оның орындалуына әр тарап өздері айқындайтын құзыретті органдар жауапты болады. Қазақстанда келісімнің орындалуына жауапты құзыретті орган болып Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынылып отыр. Өйткені, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қасы құрылымының өзара құпия ақпараттарды қорғау туралы келісімнің орындалуына жауапты орган», - дейді ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ерлан Қошанов.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай