28 қараша 2014 14:27

Қазақ ата-бабасын қырған дұшпандар туралы фильмді неге сүйіп көреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Арамыздан «Ресей күшті, орыстың қаруы керемет» деп тамсанатын қазақтар шығып жатқанына неменеге таң қаламыз? Өйткені мейрам сайын дұшпанды жақсы, қазақты жауыз ететін «Бандыны қуған Хамит», «Белое солнце пустыни» және т.б. кеңестік фильмдерді көрермендерге тамашалауға жиі-жиі ұсынып жатамыз. Ал бұл - кеңестік идеологияның әлі де тәуелсіз Қазақстанда тасы өрге жүріп жатқанын білдіретін жайт...

Кеңес заманында түсірілген кез келген фильмде кеңес билігі жақсы, ал қалғаны жауыз етіп көрсетілген. Соның ішінде өз тәуелсіздігі үшін күрескен барлық бұратана ұлтпен бірге қазақтар да дұшпан етілген. Әрине, бұл – шіли өтірік, адамдарды шатастыру. Сондықтан тәуелсіздік алған соң бұл фильмдерге шектеу қойылуы керек еді немесе оған жаңаша көзқараста тарихи баға берілуі тиіс-тұғын. Бірақ біз өйтпедік. Салдарынан құлдық санадан арыла алмай, одан сайын мешелдене берудеміз.

Өткен ғасырда қызылдың қан тамған қылышы қазақтың тең жартысын «жалмап кеткені» белгілі. Бірақ соған қарамастан біз оларды әлі «жақсы көреміз». Сүйсініп сөз қыламыз. Әрине, кімге өкпелейсіз, кінә өзімізден ғой. Кеңестік идеология тұнған фильмдерге бәсекелесе алмаймыз. Оны шектеу де ойда жоқ. Әйтпесе, мәселен ғарышкерлерге өте танымал «Белое солнце пустыни» фильмінің бізге не қажеті бар?.. Оған ұлттық ақпарат айдынында тыйым сала алмасақ, Байқоңырға күшіміз жетпесі анық. «Байқоңыр» ғарыш алаңын жалға алған Ресей әр ұшу кезеңінде ғарышкерлерге осы фильмді көрсетуді әдетке айналдырғанын ескерте кетелік.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети