Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Пәтерсіз қазақ айыппұлды қалай төлейді?

23 Желтоқсан 2014, 15:06
0
©Нұрғиса Елеубеков (фото)
©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Бүгін «2015 жылдың 1 қаңтарынан тұрғылықты жеріне тіркеуге тұрмаған азаматтарға айыппұл салынады» деген ақпарат әлеуметтік желілердің бас тақырыбына айналды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» тілшісі. Ішкі миграцияны реттеуге бағытталған бұл қадамға интернет желісіндегі азаматтардың бірқатары қарсы пікір білдірген.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап заң бойынша шын мәнінде тұрмайтын баспаналарға тіркелуге тыйым салынбақ. Жаңа жылдың басында күшіне енетін "ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" жаңа кодексінде осындай норма қарастырылған. Талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдар баспана иелерімен қатар, тіркеуге тұрушыларға да салынатын болады. Құжатты дайындаушылар бұл норма арқылы өз үйіне адам тіркеуді ақша көзіне айналдырғандар қатарын азайтуды көздеп отыр.

Еркінбек Серікбай, әлеуметтік желі белсендісі:

– Мұндай мисыздыққа таң қалмайтын болдық. Баспанасыз жүргендердің көбі қазақтар. Астана мен Алматыда пәтер жалдап күн көріп жүрген қанша қазақ бар?. Егер оларды айыппұлдың астына алатын болса, Кеңес кезіндегідей қазақ қалаға келмейтін болады. Келгенде де саны аз күйінде қалады. Онсыз да аяғынан енді тұрып келе жатқан қазақы урбанизация тоқтайды. Қазақтарды Солтүстікке қоныстандыруға кедергі келтіру үшін, орыстың ығына кеткен шенеуніктердің әрекеті, бұл.

Нұржан Сәдірбекұлы, әлеуметтік желі белсендісі:

– Мұндай заң қажет емес. Ішкі миграцияны шектеу бұл. «Крепостнойлық» құқық пен совет кезіндегі халықты колхоздан қалаға шығармайтын «прописка режиміне» қарай кері кету. Ауылдан қалаға, қаладан басқа қалаға 100 мыңдаған азамат маусымдық жұмыс үшін сабылады. Бір ғана Астананың құрылысында мыңдағана басқа облыстың адамы нәпәқа тауып жүр. Бұл азаматтардың барлығы наразы болады, мұндай заңға. Не үй бермейсіңдер, не күй бермейсіңдер, енді «штраф төле» дейсіңдер деп халық наразылыққа шығып кетуі мүмкін.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай