Автобуста ұрыға жем болмаудың амалдары

01 Тамыз, 09:57
0

Автобустарда қалта ұрыларын кездестірген бе едіңіз? Ал олардан қалай қорғануды білесіз бе? Астана қалалық ІІД криминалдық полициясының жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне ұрылардың тонау әдістері, тонауға лайық орындары және олардан қалай қорғану керектігін әңгімелеп берді.

Астанадағы адам көп жүретін автобус аялдамаларының біріне бардық. Бұл Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысы. Бізбен бірге келген полицей бұл жерде автобус ұрыларының көп жүретінін айтты.

"Анау тұрған қызды көрдіңіз бе, телефонына үңіліп тұр. Автобус келіп жатыр, ал ол көрмей тұр. Сосын басын көтеріп, "Мен отыратын автобус" дейді. Телефонын сөмкесіне сала салды да, жаппай автобусқа жүгіріп керді. Ұрылар оның артынан кіреді, бірі алдынан, бірі артынан. Алдыңғысы автобустың кіреберісіне тұрып алады да, қызды бірер сәт кіреберісте тоқтатады. "Артем" базарына барасыз ба? Бармасаңыз, жарайды" дейді де, шығып кетеді, ал осы уақытта оның сыбайласы телефон мен әмиянды қолды қылып үлгереді. Осыдан кейін олар өздері белгілеп алған жерге барады да, керегін бөліп алып, сөмкені лақтырып кетеді", - дейді полицей.

Ұрлықтың мұндай әдісін төмендегі видеодан да көруге болады. Ұрлық бірер секундтың ішінде болады, көзді ашып-жұмғанша, байқамай да қаласыз. Ұрылардың бірі әйелдің артынан, екіншісі алдынан келеді. Алдыңғысы бірер секундқа әйелді тоқтатады, ал сыбайласы әйелдің әмиянын дереу ұрлап алады.

Ал мұнда ұры жалғыз жүр.

"Әдетте ұрылар бірнеше адам болып жүреді: ұрлықты жасайтын адам, "мандер" - оның ісін жасырып, қалқалайтын көмекшісі", - дейді қызметкер.

Айтуынша, сыбайластардың арасында өзіндік келісімшарт та бар.

"Онымен бірге жұмыс істейтін адам ешқашан заттай айғақты алмайды. Ұрлықтан кейін ол затты бірден көмекшісіне береді".

Тіпті ұсталғанның өзінде "мандер", яғни көмекші кінәні өзіне алады, себебі ұрланған зат соның қолында болады. Ал одан кейін сыбайласы бостандығынан айырылған "мандерге" сырттан көмектеседі.

Мына видеодан да қалта ұрыларының әрекетін көруге болады. Назарыңыз экранның сол жақ жоғарғы бұрышында болсын: мұнда да ұрлық құрбаны екі сыбайластың ортасында бірер секунд қалып қояды. Артындағы ұры оның әмиянын әп-сәтте қолды қылады. Осы кезде әйел әмиянының жоғалғанын байқаған, осы кезде екі жігіт оған аялдама жақты көрсетеді. Қыз бірден аялдамаға барады, кейін қайтадан келсе, әлгі екеу алдыңғы есіктен тайып тұрған.

Полицейлердің айтуынша, ұрлық құрбаны ұрыларды өзі бастап итермелейді екен. Мұнда ұрлықтың белгілері әрдайым көп: киім, қымбат телефон, көзге түсетіндей жарқын түсті әмиян немесе алаңғасарлық пен ойға берілу. 

"Міне, мұнда автобусота отырған қыздың қолында iPhone Х, Instagram желісінде лайк көп. Кондуктор жақындап еді, жолақысын дайындап үлгермепті. Жылтырақтары бар немесе қызы қайыстан тігілген үлкен әмиянын алып шығып, ақтара бастайды. Осы кезде ұры оның жанына жақындап, қанша ақшасының барын көріп алады. Ол әмиянын сөмкесіне салады, осымен бітті", - дейді құқыққорғаушы.

Мұны видеодан байқауға болады. Қызыл жейде киген ер адам қолына "фартук" іліп жүр. Қолына іліп алған футболкасы арқылы ол әрекетін бақылау камералары мен жұрттың көзінен таса ұстайды. Айтпақшы, осы ұрыны қазір полицейлер іздестіріп жатыр.

Сол ұрының тағы бір ұрлығы.

Полицейлердің айтуынша, ұрлықтың түрі көп, оған тіпті бес немесе алты адам қатысуы да мүмкін. Бір топ адам автобусқа кіреді, құрбанын таңдап, қасақана қысылысып тұрады. Жүріс кезінде олар автобусты шайқай бастайды да, назар аударады. Осыдан кейін ішіндегі біреуі құрбанының қалтасын тып-типыл етеді.

"Автобус жолда шайқалады ғой. Шеткі қалтаңызды екі саусақпен іліп тұрып, тізесімен сәл басса болғаны".

"Осылайша қалтаңыздағы затты алу оп-оңай - ал құрбан мұны сезбейді де. Енді телефонды немесе әмиянды ұрлап алу ғана қалады".

Кезекті әдіс те топ адамның арасында болады, әсіресе көлікте. Қаскөй құрбанына артынан келіп, әмияны бар қалтаға жақын тұрады. Сәті түскенде ол әмиянды сәл итереді, осы кезде оның бір шеті қалтадан шығып қалады. Ұрлық құрбаны қозғалса ұры бекітіп қойған әмиян өзі-ақ асылып шыға келеді. 

Полицейлер кейбір қалта ұрыларын бірнеше рет ұстайтынын айтады, алайда олармен қатар Астанға шеттен келетін ұрылар да көп екен.

"Мұнда келіп, 2-3 күнге пәтер жалдап, жұмысын бастайды: "Артем" базарынан сол жағалауға, сол жағалаудан кері қайтады, осышайа үш күндей айналады", - дейді полицей.

Сонымен қатар, ол қалта ұрылары көп жүретін аялдамаларды атады: "Самал", "Артем", "Евразия", "Хан шатыр", "Орталық парк", "Хабар", "Министрліктер үйі", "Шапағат", "Бараев көшесі".

Автобуста затыңызды ұрлатып алсаңыз не істеуіңіз керек?

Полициядағылар автобуста жеке затыңыз ұрланса жүргізушіден есікті ашпауды талап етіп, полицияға хабар бере алатыныңызды айтады. Мұнымен бірге, жүргізушінің, кондуктордың толық аты-жөнін, телефон нөмірлерін, автобустың мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып алуыңыз керек. 

Қалта ұрысының құрбанына айналмаудың жолы

1. Қомақта қаражатыңыз болса, оны әр қалтаңызға бөліп салып алыңыз. Бар ақшаңызды бір қалтаңызда сақтамаңыз. Ірі және майда ақша үшін түрлі әмиян ұстауға да болады.

2. Ең бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына салып жүріңіз. Шығар алдында қалтаңызды тексеріңіз. 

3. Заттарыңыз киімнен айшық көрініп тұрмауы керек. Киімнен ерекше көзге түсіп тұрған әмиян ұрыға белгі.

4. Бағалы заттарды шалбарда, сөмкеде немесе пакетте сақтамаңыз. Статистика бойынша бағалы зат осы жерден жоғалады екен.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай