16 шілде 2014 14:36

Ақшасы бар қыз алғым келеді...

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.shekmet.com www.shekmet.com

 Қазір заман басқа, заң басқа. Бұрынғының адамдары мал, тауық ұрласа да сотты болып, міндетті түрде өзіне лайық жазасын алушы еді. Ал қазір ақшаң болса болды, қандай ұрлық жасасаң да, тіпті түйені түгімен жұтсаң да соттан оп-оңай құтылып кетуге болатын заман болып тұр. Сондықтан барлық дүние қазір ақшамен шешіледі, ақшамен өлшенеді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші, мұндай жағдайда қатын алғаннан гөрі қайын алған әлдеқайда тиімді екені сөзсіз. Мен қазір бойдақпын. Бірақ үйленер кезде мен үшін болашақ жарыммен сүйіп қосылу маңызды емес, ең бастысы алатын келіншегім ауқатты отбасыдан шықса екен деп қалаймын. Бүгін осы реттегі ойларымды «Алаш айнасы» интернет басылымына жеткізгенді жөн санадым.

Қазір жасыратыны жоқ, қатын емес, қайын алғандардың дәурені жүріп тұр. Мәселен бір жас жігіт аяқ астынан көтеріліп кетсе, қымбат көлік мініп, шәниіп кетсе, дереу «кімнің күйеу баласы болды екен» деп ойлана бастаймыз. Сондықтан үйленер алдында қайын жұртыңның кім болып жұмыс істейтінін анықтау өте маңызды. Бұл ретте «ұлылардың» қашанда ұлға жарымайтын кемшін тұстары болады. Егер ұлықтардың ұлы жоқ болса, онда күйеулердің бағасы тіптен аспандайды. Демек күйеу бала – ізбасар, мұрагер деген сөз. Мұны мен ойдан шығарып айтып отырған жоқпын. Жақында ауылда қой бағып жүрген досым қатарластарынан қара үзіп шығып, айналасы бір-екі жылдың ішінде шікірейген шенеунік болып шықты. Аудан әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, әкім орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Кезінде қойшы болған баланың қазіргі түрін көрсең көзің тояды. Не кием, не iшем демейдi. Iшкенi – алдында, iшпегенi – артында. Сұлу әйел, сәндi сарай, жүйрiк көлiк – бәрi сонда. Кейде таңертең қызметке бара жатып, ауа райына қарай: «бүгiн сұр костьюм кигенiм жөн бе, әлде қоңырқайы дұрыс па?» немесе «бүгiн «Джипке» мiнгенiм жөн бе, әлде «Мерседестiң» өзi қолайлы ма?» деп сәл­пәл ойланып қалатыны бар. Одан басқа титтей де уайымы жоқ. Енді бұдан артық не керек?

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети