02 наурыз 2018 09:53

Алматыда баланы балабақша кезегіне қалай қоюға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nashe-vse.info © nashe-vse.info

Балаларды балабақшаға кезекке қою тәртібінің өзгеруіне байланысты Open Almaty порталы қазіргі уақытта кезекке қалай қою керектігін анықтап көрді.


Балаларды балабақшаға кезекке қою тәртібінің өзгеруіне байланысты Open Almaty порталы қазіргі уақытта кезекке қалай қою керектігін анықтап көрді.

Порталдың мәліметінше, 2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою" жаңа мемлекеттік стандарты (2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрық) және кезекті қалыптастырудың және оның жұмыс істеу үдерісін автоматтандыру және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жолдамалар беру бойынша әдістемелік ұсынымдар енгізілді. Осыған байланысты әрбір ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.

Осыған дейін баланы кезекке қоятын кезде кезектің белгілі бір балабақшаға ғана арналып, жеңілдіктердің барлық санаты бойынша кезектен тыс жолдамалардың берілгені, өтініштегі деректер өзгерген кезде (санаттың өзгеруі) өтініш иесі кезектен шығып, жеңілдігін көрсетіп, кезекке қайтадан тұруы керек болған екен.

Сондай-ақ, порталдың мәліметінше, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке меншік балабақшаларға жолдама алған кезде өтініш иесінің мемлекеттік балабақшадағы кезегі сақталып және өтініш иесінің өз бетінше өтінішіндегі деректерді (санат, байланыс деректері) өзгертуге, баланы кезектен алуға мүмкіндігі болмағаны, мұнымен қоса,  мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға мүдделілігін растайтын функциясы болмағаны айтылады.

Ал қазір "Кезекке қою және жолдамалар беру" мемлекеттік қызметі бойынша жаңа Стандартқа сәйкес өзгерістер енгізілді.

Жүйе (open-almaty.kz.) өтініш иелеріне кезекке қоюға өтініш беруге,берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректеріне түзету енгізу / қосу), өтінішті кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға орналастыру үшін жолдама алуға, жолдама алуға мүдделілікті көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта балабақшаға жолдама алу үшін ата-аналардың өтінішінде көрсетілген  баланың туылған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезектің қалыптастырылғаны айтылады (белгілі бір балабақшаға арналған кезектер жоқ).

Айтуларынша, қараша және желтоқсан айларында туылған балалар келесі жылы туылған балалармен бірге бір кезекке орналастырылады. Өтініш кезекке қойылған күнінен бастап тіркеледі.

Мұнымен қоса, жеңілдік санаттарының екіге бөлінетіні белгілі болды.

Біріншісі - кезектен тыстағылар (әскери қызметшілердің балалары). Осы санат бойынша өтініш берушілер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама алады.

Ал екіншісі - бірінші кезектегілер (заңды өкілдері мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім алуды қажет ететін балалар). Жеңілдіктердің осы санатындағылар жолдаманы "1/3" қатынасы бойынша жолдама алатыны айтылады. (Жеңілдік санатындағы бір өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші).

Жолдама алу үшін не істеу керек?

1. Кезек келген кезде аталған электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгені туралы хабарлама келеді. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және регламенттегі уақытқа (сағат 9:00- 20:00) сәйкес жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына қолжетімді болады, тобының және жас шамасына сәйкес. (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтініш беруші яғни, ата-ана жалпы кезекте қала береді);
2. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады (осы орайда өтініш беруші кезекке қоюға өтініш бере алады, егер ол тізімнен алынған және  балабақшаға барып жүрген болса);
3. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күні мерзіміне  стоп-парақ бойынша жіберіледі. Өтініштің стоп-парағында  тұрған кезде жолдаманы алу мүмкіндігі тоқтатылады.
4. Өтініш беруші берілген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткізіп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;

Сондай-ақ, мына жағдайларда мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаға жолдама алу қолжетімді болатыны айтылады.
*егер баланың жасы 3-ке толса және одан асса;
*егер бала кезекте тұрса;
*балабақшада бос орын болса.

Портал мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға жолдама алу кезінде кезектің нөмірі маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға жолдама алу кезінде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруі қажет екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети