16 қыркүйек 2014 08:28

Әйелім үйден қуып жатыр...

ПОДЕЛИТЬСЯ

nata-scherbina.livejournal.com nata-scherbina.livejournal.com

 "Алаш айнасы" интернет басылымының "Отбасы – ошақ қасы" айдары көбіне-көп қыздардың мұң шағар, шер тарқатар бетіне айналыпты. Әйтеуір оқып отырсаңыз, басым көбінде қыз балалар жан сырын ақтарып хат жазған екен. Мен де өз өмірім жайлы сыр бөліскенді жөн санадым.


 "Алаш айнасы" интернет басылымының "Отбасы – ошақ қасы" айдары көбіне-көп қыздардың мұң шағар, шер тарқатар бетіне айналыпты. Әйтеуір оқып отырсаңыз, басым көбінде қыз балалар жан сырын ақтарып хат жазған екен. Мен де өз өмірім жайлы сыр бөліскенді жөн санадым.

Менің жасым 31-де, батыстың баласымын. Нақты туып-өскен жерім – Ақтау қаласы. Мен бір қызды қатты ұнаттым, ессіз сүйдім. Тіпті оны құлай сүйгенім соншалық - ол үшін бәріне де дайын болдым. Енді мұны басынан бастап айтып берейін.

Осыдан 5-6 жыл бұрын алматылық қызбен таныстым. Ол Ақтау қаласына демалуға келген екен. Онымен жиі кездесіп жүріп, бірте-бірте ұната бастадым. Кейін тіптен жақсы көріп кеттім. Оған бауыр басқаным соншалық - Алматыға кетерде қимай қоштастық. Кейін хат жазысып, бір-екі рет кездесіп, арада екі жыл өткенде үйленуге бел байладық. Екі жақта да дүркіретіп той өтті. Той өткен соң әйелім Алматыда тұрайық деп қылқылдай бастады, бірақ оған туыстарым көнген жоқ. Ол төсекте жатқанда ылғи Алматының жақсы жақтарын айтып, мені қызықтырып отырды. "Онда тез өсіп, көтерілуге болады, екеуміздің, балаларымыздың болашағы үшін сонда барайық" деген соң, мен көніп қалдым. Тіпті Алматыда тұруға сөз беріп қойдым. Өйткені ұнатқан адамыңмен бірге өмір кешу мен үшін ең маңызды іс болып табылады. Той біткен соң ауылда екі-үш ай болып, ата-анам мен бауырларымды көндіріп, олардың рұқсатымен жарым екеуміз Алматыға кеттік. Бірақ кейбір ағайындарым: «оларды қалаға неге жібересің?!» деп ата-анамды бізге қарсы қойып отырды. Ал таңдаған әйелім басында «Алматыда саған бәрі болады, мен сендікпін, екеуміз бірге күн кешеміз, басқаларда шаруамыз болмайды, Ақтауға шама келсе, жылына екі рет барып тұрамыз» деген болатын. Бірақ Алматыға келген соң бір ай өміріміз жақсы өтті. Кейін келіншегім дос қыздарымен қыдыратынды шығарды. Мен көбіне жұмыста боламын, ал ол жұмыстан қолы босай қалса, әсіресе сенбі-жексенбі күндері «ананың туған күні, коллективтің отырысы болады» деп сылтауратып үнемі қыдыратын болды. Ондай отырыстарға бірге барайық десем, «ол жерде тек қыздар болады» деп мені ертпей, «көп кешікпей келемге» салатын болды. Бір емес, екі емес, мен де еркек емеспін бе, айтқанымды істеткім келеді. Сосын ондай отырыстарға жібермеуге тырыстым. Ондай кезде үйде ұрыс басталады, тіпті ол мені «ауылский, мамбет» деп сөгетінді шығарды. Тіпті қыдыруға шығатын кезде мен есікті іштен кілттеп тастап, үйден шығармайтын жағдайға жеттім. Одан кейін ол үйге келмей, жұмыстан соң бірден қыдыруға кетуді шығарды. Есіне түссем, телефонмен хабарласып, үйге кеш баратынын айта салады, тіпті қоңырау шалмайтын да болды. Осындай кезде өзімді қатты жалғыз сезіндім. Туған жерімде басқа қыз құрып қалғандай, алматылық қызға үйленгеніме іштей өкініп жүрдім

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети