03 желтоқсан 2024 | 10:39

Дәрігер қыста ағзаға қажет жемістерді атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Диетолог Алла Порхун қыс мезгілі келгенде ағзаға қажет жемістерді атады. Бұл туралы ол Gazeta.Ru-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Диетолог Алла Порхун қыс мезгілі келгенде ағзаға қажет жемістерді атады. Бұл туралы ол Gazeta.Ru-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Ол ең алдымен тамақ рационына цитрус жемістерін - апельсин, лимон, мандарин және грейпфруттарды қосуға кеңес берді. Құрамында С дәрумені жоғары жемістер иммундық жүйені жақсартады және коллаген синтезін бір қалыпқа келтіреді. Бұл тіндердің жиырылуын тездетеді және шырышты қабықтарды нығайтады, инфекциялардың ағзаға енуіне жол бермейді. Сонымен қатар Порхун киви С дәруменінің қайнар көзі екенін және оның иммунитетке әсер ететін ішек микробиотасының қалпы үшін маңызды екенін айтты.

"Анардың қабынуға қарсы күшті қасиеттері бар, қан айналымын жақсартады және құрамында вирусқа қарсы әсері бар полифенолдар бар. ЖРВИ-ге банан, алма, құрма да пайдалы. Калийге бай банан, әсіресе жоғары температурада су-тұз теңгерімін сақтауға көмектеседі, ал пектин мөлшері жоғары алма ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл иммундық реакцияға оң әсер етеді", - деді сарапшы.

Ол құрманың А, С, Р дәрумендерінің, сондай-ақ йод пен магнийдің арқасында қабынуға қарсы және қан тамырларын күшейтетін қасиеттері бар екенін түсіндірді.

Порхун сонымен қатар папайя, карамбола, фейджоа және личи сияқты экзотикалық жемістерге назар аударуды сұрады. Карамбола антиоксиданттық қасиетке ие С және А дәрумендеріне бай, папайяда С және А дәрумендерінен басқа ас қорытуды жақсартатын және тіндердің қалпына келуіне ықпал ететін папаин ферменті бар, личи антиоксиданттарға, ал фейджоа йодқа бай. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer