30 қараша 2014 10:53

Электронды аукцион бюджеттің бүйірін бұлтита ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Электрондық аукцион жүйесіне бүгінде біршама елдер айрықша мән беріп отыр. Мәселен, көршіміз Ресей келесі жылдан бастап мемлекеттік сатып алудың 70 пайызын электрондық аукциондар арқылы жүзеге асыруды жөн көруде. Бұл жүйеге Украина, Норвегия елдері де әлдеқашан дендеп еніп үлгерген. Жалпы, Ресей сарапшыларының пікірінше, мұндай аукциондар мемлекеттік сатып алу кезіндегі жемқорлыққа тосқауыл бола алады. Себебі мемлекеттік тапсырыс барысында қайсыбір тарап «бармақ басты көз қысты» әрекеттерге барып, тендерден жеңіп шығып жатса, ал аукциондық жүйеде бірнеше компанияның бақ таласуына мүмкіндік бар. Сондықтан мамандардың пайымдауынша, бұл жүйе біріншіден, компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікті арттырады, екіншіден, жемқорлыққа жол бермейді. Міне, осыдан барып ел бюджетіне кіретін табыс еселене түседі...

Жалпы, электронды аукцион жүйесін, мамандар электронды мемлекеттік сатып алулар жүйесінің бір бөлігіне жатқызады. Деректерге жүгінсек, электронды мемлекеттік сатып алулар жүйесі бойынша ел бюджеті осы жылдың өткен жеті айында 17 млрд теңге үнемдепті. Электронды мемлекеттік сатып алу кезінде 20-25 пайызға дейін, ал электронды байқаулар өткізу кезінде 5-10 пайызға дейін бюджеттік қаражат үнемделсе, аукциондар әдісі бойынша шамамен үнемделген қаржы 40 пайыз болады деп күтілуде.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети