27 қараша 2014 10:47

Еліміздегі атақтылардың бәрі "жиһадшылап" кетпей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Атырау облысының тумалары 23 жастағы Нұрлан М. мен 19 жастағы Фархат Г. соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға аттанған, – деп хабарлайды «Ақ жайық» басылымы Атырау облыстық құқыққорғау органдарына сілтеме жасап. Аталмыш екі азамат та мемлекеттік деңгейдегі спорт шеберлері екен. Осы дерекке қарай отырып, біз бір жайтқа алаңдаушылық білдіреміз. Жалпы, қазір ел аузындағы спортшылардың, спортшыларды былай қойып айтыскер, әнші, күйші секілді өнер қайраткерлерінің көпшілігі дерлік діни жолда екені белгілі. Олардың ұстанған жолы қандай? Олар да қолына қару ұстап Сирияға, я өзге де елге «жиһадшылап» кетіп қалмай ма? «Алаш айнасы» осы мәселені талқыға салып көрген еді.

Бір ғана Сирияны алыңыз... Сол Сирия топырағындағы "Ислам мемлекетінің" жағына шығып, шайқасып жатқан қазақстандықтардың саны күн санап көбейіп жатыр. Сөзіміз негізсіз болмау үшін алдымен аталмыш екі спортшы жайлы белгілі ақпараттарды назарыңызға ұсынып алайық.

Жергілікті спорт саласы мамандары Нұрланды грек-рим күресі бойынша республикалық чемпионаттың бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасы спорт шебері екенін айтады. Ол 2010 жылдан бастап №2 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жасөспірім балаларды жаттықтырыпты. Бұл спортшы сол өзі жаттықтырған балаларды «жиһадшылықтың жолына» үгіттемеді дей аламыз ба?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети