23 қыркүйек 2014 16:08

Ескі көлікке салық салу отандық көлік өндірісін жандандыра ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 «Ескі көлікке мінгендер мемлекетке қосымша салық төлесін» деді жақында халық қалаулылары. Депутаттардың ойынша ескі көлікке салық салу отандық автоөндірістің дамуына үлкен серпін беретін көрінеді. «Ескі көлігіне қосымша салық төлеуден қашқан көлік жүргізушілері отандық көлік сатып алу арқылы көлігін жаңартуға мәжбүр болады. Ал, мемлекет осы сәтті тиімді пайдаланып, елімізде құрастырылатын темір тұлпарды сатып алу үшін арнайы субсидия бөліп, Отандық көлік өндірісінің жандануына жағдай жасауы керек» дейді депутаттар. Әрине көлік өндірісінің жанданғаны жақсы-ақ. Жаңаны да кім жаратпайды? Алайда ешкім еріккеннен ескіні сүйретіп жүрмегені ақиқат.

Осыған дейін Отандық көлік өндірісін қолдауды мақсат еткен елдер бұл бастаманы шенеуніктерінен бастаған еді. Шенеуніктерін жаппай отандық көлікке отыруға үгіттеу арқылы, халықтың да өз елдерінде құрастырылатын темір тұлпарларға бет бұруына қол жеткізген еді. Ал біздің елімізде атқамінерлерге сөзі өтпегендіктен, ескі көлікке салық салу арқылы халықты мәжбүрлі түрде отандық көлікке отырғызуға әрекет еткендей. Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде құрастырылатын темір тұлпарлардың техникалық жағдайына қатысты айтылар сын көп. Сондықтан көпшілік өзіміздің жаңадан гөрі, шетелдің ескі құсқысына аяқ артқанды жақсы көреді. Соның дәлелі бүгінгі күні көшеден құрастырылғанына 20-30 жыл болған шетелдік ескі көліктерді жиі көруге болады. Егер отандық автокөліктер заман талабына сай, авто бөлшектері оңай табылатын, «сүйегі» мықты болса оның үстіне бағасы да қолжетімді, ең болмағанда ақшасын бөліп төлеуге тиімді жағдай жасалса кім кімде отандық көлікке отыруды жөн көрер еді. Жақсы нәрсе жарнаманы да қажет етпес еді, жұртқа зорлап таңу да қажет болмас еді. Ал онсыз да қалтасы жұқа, шетелдің ескі құсқысына шамасы әзер жетіп жүрген, не тұрақты жұмысы жоқ, адам тасып нәпақасын айырып отырған азаматтардың есебінен Отандық өнімді қолдау ақылға сыйымсыз дүние екені айқын. Мәселеге қатысты мамандар пікірін де тыңдап көрген едік.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети