30 қазан 2014 11:35

Ескі көліктер мұражайы бізге қажет пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Деректерге жүгінсек, қазір елімізде 3,5 млннан астам жеңіл автокөлік тіркелген. Сол 3,5 млн көліктің тек 12 пайызы ғана жеті жыл бұрын зауыттан шыққан. Ал қалғаны тым көне. Тіпті қолданысқа енгеніне 20-25-30 жыл болған көліктер бүгінде бізде жетіп-артылады. Еуропамен са­лыс­тырсақ, он­­да автомобильдердің орташа жасы се­гіз жылдан аспайды. 10 жылдан ас­­қан көліктерді Еуропа халқы бірден жарамсыз санап, өткізеді. Біздегі жағдайды олармен салыстыруға тіптен келмейді. Елде ес­кі және моральдық жа­ғы­нан тоз­­ған автокөліктердің кө­бе­юі эко­ло­­гия­лық ахуалға және жол қа­уіп­сіз­ді­гі­не зор қауіп төн­ді­ріп отырғаны даусыз. Бұған қатысты мамандар «бұл мәселені уақытылы шешпесек, енді бес жылдан соң ескі көліктердің мұражайына айналамыз. Ендеше сауатты шаралар қабылдайтын кезең жетті» дейді.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

- Біз ескі техникалардың мұражайын айналып кетуден қорқуымыз керек. Бұған дейін шетелден әкелінген көшпелі техникаларға жүгініп келдік. Сырттан келетін техникалардың көлеңкелі тұстары барына аса назар аудармадық. Шетелден көлік тасимыз, қажеттілігіміздің 80-90 пайызын өзге әлден импорттаймыз. Мысалы, мына тұрған Ресейден жыл сайын 192 мың көлік әкеледі екенбіз. Ең күлкілісі өзіміз сол Ресейге бір жылда бір көлік экспорттаппыз. Осы әрекеттер арқылы бізде отандық өндірістің адымы ашылмады. Әсіресе машина жасау өндірісі бәсекелік базадан жұрдай болып қалды. Бұл жерде қатаң ескеретін дүние – бірде-бір өркениетті мемлекет бетке ұстар технологиясын ешуақытта ешкімге сатпайды. Сондықтан сырттан келетін көшпелі технологияның көмегіне жүгіне беруден бізге сақтанған абзал. Бұл үрдіске иек арта берсек, біз күні ертең ескі технологиялардың мұражайына айналып, өмір бойы өзгелердің соңынан еріп қана отыруымыз мүмкін. Бағамдасақ, бір ғана моралдық жағынан азып-тозған көліктердің қоғамға тигізер залалы да орасан. Ендеше бізге нақ осы көлік өндірісіне қатысты арнайы бір мемлекеттік шаралар қажет. Біздегі көлік құ­рас­тыру кә­сіп­орын­дарында авто­мо­биль­дерді кә­деге жаратуға арналған жеке бағ­дарлама жоқ. Осыны ескерсек, көлік өндірісі жүйесін арнайы мақсатты бағдарламалардың біріне енгізу қажет.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети