19 қараша 2018 13:18

"Етігіңді пеш түбіне кептірме". Иіс тиіп қаза тапқандар саны неге артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұрғиса Елеубеков © Нұрғиса Елеубеков

Жылыту маусымы басталған сәттен иіс тиіп қайтыс болғандар туралы жиі айтылады және бұл тенденция жылда қайталанады. Биылғы жылыту маусымының басталғанына көп бола қойған жоқ, иіс тиюден қайтыс болғандар бар ма? Қыста иіс тиіп қалмау үшін не істеу керек? Үйдегі жылыту пештерін қолданудың ережелері қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жауап берді.


Жылыту маусымы басталған сәттен иіс тиіп қайтыс болғандар туралы жиі айтылады және бұл тенденция жылда қайталанады. Биылғы жылыту маусымының басталғанына көп бола қойған жоқ, иіс тиюден қайтыс болғандар бар ма? Қыста иіс тиіп қалмау үшін не істеу керек? Үйдегі жылыту пештерін қолданудың ережелері қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жауап берді.

Бір айда 10 адам қайтыс болды

Биылғы жылыту маусымы басталғалы бері (2018 жылғы 15 қазан - 13 қараша аралығы) тұрғын үй секторында улы газдан уланудың салдарынан 10 адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есеге жоғары (2017 жылы - 5 адам). Иіс тиюден қайтыс болатындардың саны Шығыс Қазақстан облысында - 5 есеге, Қарағанды облысында - 3 және Түркістан облысында 2 есеге артқан.

Ал тұрғын үй секторында өрт туындамай, тұншықтырғыш газдан уланудан 16 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан (2018 жылдың 13 қарашасындағы жағдай бойынша). Түркістан облысында - 6, Шымкент қаласында - 3 және Маңғыстау облысында 2 адам.

Жалпы, 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінде еліміздің тұрғын үй секторында 77 адам қаза тауып, 307 адам жарақат алды. Қаза болғандардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында - 21 адам, Қарағанды облысында - 13, Алматы облысында - 9 және Жамбыл облысында - 8 адам.

Улы газдан уланудың негізгі себептері қандай?

Улы газ  - уланудың негізгі себебі. Ол жанбайтын өнім және қатты у, түсі де, иісі де жоқ. Ол қабырғалар, топырақ қабаттары арқылы енеді. Кеуек материалдар жұтылмайды, осыған байланысты сүзгіш газқағарлар улы газдан уланудан қорғамайды. Көбіне улы газдан улану күз және қыс айларында болады, ол кезде адамдар электр құралдарын пайдаланады және үйлерін пешпен жылытады. Тұрғын үй секторының тұрғындары үшін жылыту маусымы ең қауіпті кезең, бұл кезде олар жылыту пештерін қолданады. Ал жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу улы газдан улану сияқты зардаптарға әкеп соғады.

Улы газдан уланудың негізгі себептері:

- автокөліктің пайдаланылған газын жұту, қозғалтқышы бар автомобильде жабық гараждарда ұзақ уақыт болу;

- тұрмыстағы улы газдан улану: жылыту аспаптарының (каминдер, пештер және тағы да басқа) ақауы, пропанның тұрмыстық газдың шығуы, керосин шамдарының ұзақ жануы және тағы да басқа;

- өрт кезіндегі улану.

Уланып қалғаныңды қалай білуге болады?

Уланудың белгілері зақымдану дәрежесіне, ағзаның жалпы жағдайына, бар ауруларына және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Дегенмен, бас айналуы, ауыруы, жүрек айнуы, құсу, құлақтағы шу, ентігу, жөтел, көз жасы сияқты симптомдар міндетті түрде алаңдатуы тиіс.

Бас ауруы және айналуы - улы газдан уланудың жиі кездесетін белгісі. Егер қалтырау басталса, температура төмендейді, зардап шегушіні жылыту мақсатында орап тастау керек. Тыныс алуды жеңілдету үшін ашық ауада жүру керек немесе терезені ашып, жақын отыру керек. Қорқу немесе үрку сезімдерін сезінген болса, тыныштандырыңыз. Есін жоғалтқан адамның басы шалқайып кетпеуін қадағалау керек, әсіресе кенеттен құсу пайда болса.

Қатты отынмен жанатын пешті қалай пайдалану керек?

Қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек: Түтін ғимараттар мен құрылыстардан тыс жерлерге шығарылуы тиіс. Желдету жүйесінің ауа өткізгіштерін түтін арналары ретінде пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, түтін арнасының конструкциясы оларды күйеден кезең-кезеңімен тазарту үшін технологиялық тесіктерді қарастыруы тиіс. Жылу шығаратын аппараттардың күлшелерін лагалардағы едендердің астындағы кеңістікпен біріктіруге болмайды.

Пештің есігінің астыңғы жағында, еденде металл табақ болуы тиіс, оның көлемі - 0,5х0,7 метрден кем емес. Егер пеш сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істесе оның есіктерінде ақау болмауы керек және жанғыш құрылымдардан өртке қарсы бөліктер (шегіністер) болуы тиіс. Отын құбырында жылыту қазандықтары мен жылу генераторлық қондырғылардың әрбір бүріккішінің жанында кемінде екі вентиль орнатылуы тиіс: біреуі - оттықта, екіншісі - отыны бар ыдыста.

Түтін мұржалары күйеден уақытында тазартылуы тиіс:

- үш айда бір рет - жылыту пештері үшін;

- екі айда бір рет - үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін.

Үйін пешпен жылытатындарға кеңес

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды параққа орналастыруға;

- пешті қатты отынмен жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;

- үй-жайларда адамдар жаппай баратын іс-шараларды өткізу кезінде пешті жағуға;

- пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген уақыттан артық жағуға;

- жанғыш заттар мен материалдарды, мысалы, аяқ киім, киім, отынды пештің және мұржаның бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге болмайды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттердің және адамдардың қаза болуын азайту мақсатында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Сонымен қатар, комитет газдан уланудың алдын алу туралы бейнероликтер дайындаған.

Мақала авторы: Сандуғаш Әлімжанова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети