08 қыркүйек 2014 16:34

Хатшы қыздың базынасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Сіздер ойлайтын шығарсыздар, "хатшы" деген дүниедегі ең оңай мамандық деп. Иә, бір хатшы қыздар қабылдау бөлмелерінде тырнақтарын егелеп немесе «агент» арқылы әңгіме соғып, ерігіп отырады. Алайда хатшының жұмысы жұрт ойлағандай қоңырауларға жауап беріп, басшысын түрлі мекемелермен байланысқа қосумен бітпейді. Хатшы мамандығының қиындықтарын бүгін мен сүйікті порталым "Алаш айнасы" арқылы көпшіліктің ойталқысына ұсынбақпын. Мүмкін, әпербақан басшылар өз образдарына сырт көзбен қарап ойланар...

Менің түсінбейтінім, неліктен хатшы мамандығын жұрттың ең бір арзан, ең бір түкке тұрғысыз мамандық көретіні. Біле білсеңіздер, сауатсыз немесе босбелбеу, ынжық адам хатшы бола алмайды. Өйткені хатшының міндетіне түрлі қызметтік хаттар дайындау жатады. Және қазір қызметтік хаттардың көбінесе екі тілде әзірленетіні белгілі. Дұрыс рәсімделмеген хатқа алушы адам дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Және қате жазылған хаттар немесе құжаттар басшыңның беделін түсіріп, масқара етуі ықтимал. Сол себепті хатшы ең жауапты мамандық дер едім.

Екіншіден ұқпайтыным, ұжымдағы басшыдан басқа да адамдардың неліктен бізді өздерінің қолбаласындай көретіні. Келіп қағаздарын бастыртады кейбір компьютер тілін білмейтін егде қызметкерлер. Немесе кеңсеге қажетті әлдебір құрал-жабдық жетіспей жатса, дүкенге бізді жұмсайды. Сонда не, хатшы деген басқалардың құлы деп ойлай ма?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети