25 желтоқсан 2019 12:49

ХХ ғасырдың алыптары. Алаштың ақырғы ақиығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекті ұлт қайраткері Әлихан Бөкейхановтың ұстанымы бойынша "Жер-Отан! Отанды сатуға да, жекеменшікке айналдыруға да болмайды!".


Көрнекті ұлт қайраткері Әлихан Бөкейхановтың ұстанымы бойынша "Жер-Отан! Отанды сатуға да, жекеменшікке айналдыруға да болмайды!".

Сонау 1920 жылы қазақ жерінің тұтастығы жолында басын қатерге тігіп күн көсем Ленинге дейін барған, сөйтіп 5,5 млн қазақ ұлты тұрып жатқан 3 467 922 шаршы шақырым Жер көлемін бекіттіріп, өз миссиясын адал атқарып шыққан Алаш көсемдерінің қатарында небәрі 29 жастағы Әлімхан Ермеков болды.

Ұлтының үлесіне ұлы құбылыс жасау жолында сол ХХ ғасырдың алыптары өз бәсекелестерінің бәсін түсіріп, кегін қоздырды.

Әлімханның бар тағдыры қазақтың бірінші саяси ұйымы "Алаш" партиясыментығыз байланысты  болған. Кейінірек ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бастаған "Алашорда" үкіметінің  үш басшысының бірі ретінде ұлттық кеңестің құрамына енді.

1917 жылдың шілде айында өткен Бүкілқазақтық съезде Семей облысынан бүкіл ресейлік құрылтай жиылысына депутаттыққа 25 жастағы Әлімхан ұсынылады.

1920 жылы 24 тамызда  Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің мәжіліс залында Әлихан Бөкейханов бастаған делегация қазақ жерінің тұтастығы үшін қатерге бастарын тікті. Алайда оның іске асуы оңайға соққан жоқ!  Төрт күнге созылған  комиссия отырысына Лениннің өзі қатысып, өзі басқарды.

Қарқара уезінің тумасы Әлімхан Ермеков "Қазақ автономиясына қандай жерлер кіруі тиіс" екендігіне ғылыми негізде дәлелденген баяндама жасады. Ол өз сөзінде 5 миллион қазақ ұлты тұрып жатқан 3 467 922 шаршы шақырым жерді заңдастырып, бекітіп беруді сұрады. 

1920 жылы 26 тамызда Қазақ Автономиясы мен оның Жер көлемі бекітілді. Сөйтіп, Алаш көсемдері Қазақ мемлекеті алдында өзінің тарихи миссиясын адал орындады!

Әлімхан Ермековтің Қазақстанға өте маңызды аймақтарды қайтаруға қолы жетті. Ол - Каспий  жағалауы, Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Бөкей және Орынбор губернияларының бір бөліктері. Бүгінгі таңда біздің еліміздің Каспий теңізіне шығуы, мұнай мен газдың мол қорына ие болуы - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси болашағының кепілі болып отыр.

Бар ғұмыр-дариясы саяси идеялар мен ірі іс-қимылдарға құрылған Ермеков - Алаш көсемдерінің ақырғы ақиығы,барлық дәуір бас иетін қайраткер!

Фильмнің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер Назгүл Әбутұрапова.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков  "Алаштың ақырғы ақиығы" фильмінің идеясын ұсынып, түсірілімге қолдау көрсеткен.

Ардақты арысымыз туралы деректі фильмді Youtube-тан "Назгул Абутрапова" деп теріп, авторлық каналынан тамашалауға болады.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети