26 желтоқсан 2019 17:19

ХХ ғасырдың алыптары. Кісендеулі жолбарыс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ елі үшін бағы мен соры қатар өрілген ХХ ғасыр тарих қойнауына қаншама жұмбақ құпияларымен енген екен. Кезеңдер туғызған табыстар мен қайшылықтар қарапайым халықпен қатар билік басындағылардың да тағдырында көрініс тауып жатты. Соның бірі заманында "Кісендеулі жолбарыс" аталып кеткен жаужүрек азамат Жұмабек Тәшенев болатын.


Қазақ елі үшін бағы мен соры қатар өрілген ХХ ғасыр тарих қойнауына қаншама жұмбақ құпияларымен енген екен. Кезеңдер туғызған табыстар мен қайшылықтар қарапайым халықпен қатар билік басындағылардың да тағдырында көрініс тауып жатты. Соның бірі заманында "Кісендеулі жолбарыс" аталып кеткен жаужүрек азамат Жұмабек Тәшенев болатын.

"Жесір дауы, Жер дауы" ұлтымыз үшін ежелден ең қасиетті ұғым болып келгені рас. Ол қазір де әлем мемлекеттерінің ең үлкен тегеурінді саясаты.

1960 жылы Кеңес Одағының 1-нші басшысы Никита Хрущев "тың игеру" мәселесіне байланысты қазақ жерінің ең шұрайлы 5 аймағын Ресей билігіне беру мақсатымен Қазақстанға келді. Ол заманда Орталық Комитеттің шешіміне қарсы тұру - қылмыспен тең құбылыс еді.

Ұлылық қалғыса - ұлт ұйқыға кетеді

Хрущев Қазақ Республикасының жер көлемі өте кең екенін, бұл елдің жер игеруге шама-шарқы жетпей жатқанын айта отырып, "Қазақстанның арқадағы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола сияқты 5 облысын Республика құрамынан шығарып, Мәскеуге бағынышты еткен жөн!", - деп шешеді.

Мен осындай мәселені шешу түгілі, оның "күн тәртібіне" қойылуына қарсымын. Мұндаймен  ешбір қазақ келіспейді!", - деп Жұмабек Тәшенев кеудесін тоса қарсы шығады.

Ақыры даурықпа патшаның дәмегөй пиғылы жүзеге аспай қалды. Қаһармандық драмаға толы саяси сахнадан  Хрущев жеңіліс тапты! 

Ұлылар үнсіз қалса - зұлымдық қанат жаяр

Хрущевтің Қазақстан жерін империялық саясатпен бөлшектеу жолындағы арам пиғылы ұлттың басына түскен ауыр кезең болды. Жер иесі халықпен ақылдаспай-ақ көптен бергі көкейдегі ойын іске асыруға тағы да ұмтылды.

Хрущев 1961 жылы батыстағы мұнайлы облыстарды түгелдей Түркіменстан мен Әзірбайжанға беруді жоспарлады. Орталық биліктің бұл саясаты - қазақ жерін бөлшектеуге бағытталған нағыз зұлымдық идея болатын.

Тәшенев тағы да кеудесін тоса қарсы шықты: "Сонда Қазақстанға не қалады, халқы немен айналыспақ?!", - деп.

Хрущев: "Сенің ата-бабаңның кәсібі мал бағу емес пе, малмен айналысасыңдар!", - деп қысқа жауап қайтарған.

Кеңестер Одағы Басшысының алдында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының мұндай мінез танытуы, әрине, көзсіз ерлік  болды. Жер мәселесі  тағы да шешусіз қалды. Есесіне, Хрущев Тәшеневтің тағдырын шешті!

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков "Алаштың ақырғы ақиығы" фильмінің идеясын ұсынып, түсірілімге қолдау көрсеткен.

Ардақты арысымыз туралы деректі фильмді Youtube-тан "Назгул Абутрапова" деп теріп, авторлық каналынан тамашалауға болады.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети