16 қыркүйек 2014 10:01

Идеалың кім, қазақ баласы?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Мұғалім мәртебелі мамандық болудан қалды. Көбіміз осылай дейміз. Өзіміздің дәрменсіздігімізді бүркемелегіміз келгенде айтамыз. Жиі... Рас мұғалім көп. Сабақ өткізуші көп. Ұлағатты ұстаз атына лайықтылар азайып бара жатқан сияқты. Олар зейнет жасына жақын қалғандардың арасында көп шығар, кім білген? Сол үркердей аз ғана ұстаздың жүрегі ауырып жүргені рас. Себебі... Оның себебі көп...

Балалар адам өлтіретін болды. Тіпті, өз мұғалімін сабап кететін дәрежеге жетті. Төбелесу «модадан» шығып қалды. Оның өзі де әншейін айналайын екен ғой. Атысу, шабысу... Ақырзаманның балаларының қарекеті осы болып тұр. Қазақ бала тәрбиелеуден қалып барады. Дұрысы, қалай тәрбиелеуді білмейді. Балалар үшін білімді болу басты мақсат емес. Олар бәрін сатып алуға болатынын біледі. Ақшаға. Білім ошақтарына нарық ережесі мықтап табан тіреді. Әлеуметтік теңсіздік таразының екі табағына оқушы мен мұғалімді отырғызып қойды. Кейбір байшыкештің баласы мұғалімін тыңдамайды. Сөз салғыластыруға бар. Реті келсе, сабап та кетеді. Шектен шығып бара жатқандарды баяғыдай тәртіпке шақырып, ұрып алу қайда? Қол көтермек түгілі, қатты сөйлеуге қорқады мұғалімдер. Егер ондай жағдай орын алса, бала әке-шешесіне айтып баруы әбден мүмкін. Ертесіне-ақ әке-шешесі баласын қолынан жетектеп жетіп келеді. Мұғалімге мораль оқу үшін. Әншейінде жиналысқа адам жіберіп шақыртып ала алмайтын ата-аналар баласының құқын қорғауға шебер-ақ. Ал, мұғалімнің құқын кім қорғап жатыр? Жиналыс демекші айына жылына бір болатын жиналысқа ата-аналардың аттап басқысы жоқ.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети