25 қыркүйек 2014 09:15

"Жалаңаяқ емшiлер" жаһанды жалт қаратады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Қытайдағы қазақ емшiлiгiне рең кiре бастады. Ұларлы таудың ұшар басы мен ен даланың кең қойнауын кезiп, төрт түлiгiнiң әр мүшесiмен ұрпағына ем-дом жасаған, академиясыз-ақ табиғатпен етене дос қазақтың далалық емшiлiгi Еуропаның медицинасынан еш кемi жоқ шығар, сiрә. Қазақ шипагерлiгi дегенде алдымен еске алыстағы ағайынның осы жолдағы еткен еңбегi түсетiнi анық. Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейiн Қытай билiгi қазақ шипагерлiгiн халық арасындағы ескiлiктiң белгiсi санап, оны дамытуға, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мән бермеген болатын. Әсiресе, батысша емдеу технологиясының жалпылама қолданысқа енуi әкесi баласына үйрету сынды мұрагерлiк ету жолымен жалғасқан дәстүрлi шипагерлiк өнерге салқынын тигiздi. Мәселен, 1966-1976 жылдардағы «10 жылдық мәдени төңкерiс» кезiнде, «феодализмнiң қалдығы» саналды. Алайда, көнекөз қарттар ауыздан-ауызға таралып келе жатқан «рецепттi» әркез естен шығармаған екен. Ауылдан ұзап, жоғары оқу орнында оқи алмаған сол буын, тау-тас кезiп, шөптiң тамыры мен сабағын жиып, дәрi жасаса, бастапқыда төрт түлiктiң мертiккен мүшесiн салып жүрiп, кейiннен атақты оташыға айналып шыға келдi. Қытайдағы қандастар ауылда қалған осы абзал жандарды әзiлдеп, «Жалаңаяқ емшiлер» деп атап кеткен. Атадан қалған аманатқа қиянат етпеудi арына балаған Iле қазақ автономиялы облысы Нылқы ауданына қарасты Үшпұт ауылындағы «жалаңаяқ емшi» Алтай қарттың (дипломсыз қызмет еткен дәрiгер) әңгiмесi бiздi дәстүрлi шипагерлiктiң сан қырлы соқпағына жетелей жөнелдi.

«Жаман ауруды» да емдегенмiн

– «Жаман ауруды» да төсектен жұлып тұрғызғанмын. Ол жылдар Қытай медицинасының да тұралап тұрған тұсы едi. Ауылымызда Есентай деген азамат болған. Жастайынан мал соңында, желдiң өтiнде жүрген атан жiгiттi өкпеге мысқалдап кiрген суық бiр-ақ күнде алып ұрды. Не керек, бiр үйлi жанның ырыздығын айырып отырған азамат қалаға барар қаржының ретi келмей, төсек тартып айға жуық жатты. Кейiннен ағайын-бауырдың атаған тайынша-торпағын сатып, қалаға емделуге кеткен азаматымыз аптаға жетпей қайтып оралды. Жұбайы шырылдап жүр. Қалалық емхана «өкпе рагi» деп диагноз шығарып, ем қонбайтындығын ескертiптi.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети