19 қыркүйек 2014 14:39

"Қара жорғаны" қырғыздар иемденуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте Қара жоға биін билеп жатқан Арыстан қажы атамыз Суретте Қара жоға биін билеп жатқан Арыстан қажы атамыз

 Біздің мәдениет саласының басшылары «Қара жорға» биін зерттеу керек, өзіміздікі екеніне көз жеткізуіміз керек деп жүргенде қырғыз ағайындар «Қара жорғаға» бейнебаян түсіріп, әлеуметтік желілерде қарқынды насихаттауда. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, күні ертең «Қара жорғаны» қырғыздың ұлттық биі деп хабарлап билеп жүрмесек болғаны...

Жақында Кубанычбек Эсенбаев деген қырғыз азамат «Кара жорго» деген атаумен қызғыздың бір топ қыз-жігіттері билеген тартымды бейнебаянды әлеуметтік желідегі жеке парақшасына қойған екен. Осы клиппен бөліскендер саны 1000-нан асып кеткен. Бейнебаянға пікір білдіруші қырғыз ағайындардың «Қара жорға» биін иемденіп, ой бөліскендеріне қарап біртүрлі қымбат затыңды біреу алып алғандай сезімде болады екенсің. Неге екенін кім біледі, біз не нәрсеге «қолымызды кеш сермейміз» ғой.

Қырғыздар түсірген «Кара жорго» бейнебаянын әлеуметтік желіде бөліскен Серік Әбікен ағамыздың пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ.

Серік ӘБІКЕН, белгілі журналист:

– Қырғыз ағайындар "Қара жорғаға" кірісіпті. Құт болсын! Бөтен халық емес қой. Бір адамның жазбасының өзін мыңнан аса адам таратып, қырғыз биі деп жатыр. Телеарналары да осы сарында екен.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети