19 желтоқсан 2014 12:29

Қарызға батқан Ресей енді Қазақстанға салмақ сала бастай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Бүгін Ресейдің сыртқы қарызынан үріккен Чехия экспорт банкі Ресейге ірі көлемді тауар экспорттайтын фирмаларына, кәсіпорындарына, компанияларына жеңілдікпен несие беруді тоқтатты. Ондағы себеп Ресейдің сыртқы қарызының тым көбейіп кеткендігі. Қарызды қайтара алмау күдігінің қоюлауы. Осыдан барып Чехия экспорт банкі «Ресейге тауар экспорттаушыларға ірі көлемді несие бергенімен, Ресейде қалыптасып отыhған ахуалға орай оны кәсіпкерлеріміз қайтара алмай қалуы мүмкін» деген тұжырымға келіп отыр.

Бұған қатысты банктің халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Петр Кржижан «Ресейде қалыптасқан қаржылық-экономикалық құлдырауға орай біз Ресейге тауар экспортаушыларымызға несие беруді тоқтаттық. Себебі Ресей мен арада сауда-қатынас жасайтын кәсіп иелері қарызды қайтаруда қазір тым қиналып отыр. Әрине, бұл уақытша құбылыс деп үміттенеміз. Бірақ қазіргі жағдай осыған әкеліп отыр» деді.

Сөйтіп, қазірде Ресеймен сауда-әріптестік қатынасын тереңдеткен біраз елдердің жағдайы қиындап тұр. Ресейге тұс-тұстан санкция салып, Ресейдің біраз тұтыну тауарынан бас тартқан Батыстың өзі де қазір шығын көруде. Есептеп көрсек, еуропалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жыл сайын Ресейге 11 млрд. доллар көлемінде тауар тасымалдайды. Еуропаның жеміс-жидегінің 29 пайызы, ауыл шаруашылығы шикізатының 33 пайызы Ресей нарығында саудаланады. Ал енді Еуропа мен Ресей арасындағы санкциялар «соғысынан» осынша тауардың Ресейге тасымалы тізгінделіп қалды. Тіптен қайсыбір Еуропа елдерінің жекелеген кәсіпкерлері тауар тасымалдаудың 80 пайызға жуық шектеліп қалғанын, осыған байланысты дөңгелетіп отырған шаруасы шатқаяқтап кеткенін алға тартуда. Осылайша санкция алмасу бір қыспаққа алса, енді келіп жылдың соңында Ресейдің сырт елдерге қарызын қайтара алмау қауіпі де Батысты сансыратып отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети