14 қыркүйек 2014 18:13

Қайыршылардың "крышасы" кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бүгінде Шымқалада қол жайып, көмек сұрайтын қайыршылар тіптен көбейіп кетті. Бірі көшеде отырса, енді бірі бағдаршамның түбін «тұрғын жай» етіп алған. Екі бағыттағы көлік жолының ортасына тұрып алып, өз өміріне де, көліктерге де ыңғайсыз жағдай туғызатыны рас. Кіп-кішкене балалар автобустан-автобусқа секіріп, құран аяттарын оқып, бата беріп алақан жаяды. Ал қай ұлттың өкілі екені белгісіз бір әйелдер адыраспан шөбін тұтатып, дүкендерді, көліктерді аластап, тиын-тебен табады. Тіпті олардың бір күндік тапқан табысы анау-мынау кәсіпкеріңді жолда қалдырардай. Күндігіне 5 мың, тіпті кейбіреулері 7-8 мың теңгеге дейін табады екен.

Жұма күні олардың барлығы да мешіттерге қарай шұбырады. Шүкір, бүгінде Шымкентте мешіт жетерлік. Ол күндері басқа күндерге қарағанда көп түсетін болуы керек. Әйтеуір, нөпір болып мешіттің алдында тұрады. Мүгедектер арбасына таңылғандары соңғы әлетте тіптен көбейіп кетті. Тіпті кезінде оларды «шын мүгедек емес екен, аяқтарын орап алып, арбада отырады екен» деген әңгіме де желдей ескен. Енді осындай топтағылардан қаланы «тазартумен» жергілікті билік өкілдері шындап айналыса бастады. Қаланың әр аймағында бірнеше күннен бері рейд жүргізілуде. Қайыршылармен қоса белгілі тұрағы жоқ, яғни жалпақ тілде «бомж» атанып кеткендерді де әлеуметтік бейімдеу орталығына өткізуде. Ресми емес дерек көздеріне қарағанда бомждар қалада бірнеше мыңға жетіп жығылады екен. Рейд Еңбекші ауданынан бастау алды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети