21 қыркүйек 2014 10:41

Қазақ қызының бұзылғаны үшін саясат кінәлі ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

Қазақ қызы бұзылғаны үшін айыпты емес десек бұған қоғамның басым бөлігі өре түрегелер. Бірақ "Алаш айнасы" сұрастырған мамандар пікірі осы мағынаға саяды.


Қазақ қызы бұзылғаны үшін айыпты емес десек бұған қоғамның басым бөлігі өре түрегелер. Бірақ "Алаш айнасы" сұрастырған мамандар пікірі осы мағынаға саяды.

"Отан отбасынан басталады". Сондықтан отбасы – мемлекеттің басты құндылығы. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда отбасы институты жылдан жылға дал-дұлы шығып, құндылығын жойып барады. Бұл – еліміз үшін аса үлкен қатер. Демек, бүгіндері отбасы саясатын мықтап қолға алатын күн туып тұр. Ал бұл бағытта осыған дейінгі жасалғандар болса, өзінік нәтижесін бере алмады. Ендеше еліміздегі отбасы құндылығын арттыратын жаңаша көзқарастағы тың жобалар керек.

Ең алдымен, статистиканы "сөйлетейік". Кейбір БАҚ-тардағы деректерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 15 пен 19 жас арағылындағы шамамен 20 мың қыз жүкті болады екен, ал оның тең жартысы жасанды түсік жасатады. Бірер жыл бұрын Қазақстан қыздар арасындағы суицидтен көш бастап келеді деп дабыл қаққан болатынбыз. Бұл фактіні Соғыс пен бейбітшілік репортажы институты Орталық пен Шығыс Еуропа және бұрыңғы Кеңес Одағы аумағы бойынша БҰҰ Балалар қоры келтірген. Демек, осы дерек біздегі кәмелет жасқа толмаған, мектеп қабырғасындағы қыздарымыздың зорлық-зомбылыққа көп ұрынатынын көрсетеді. Былтыр ажырасу жағынан рекордтық көрсеткішті қамтыдық. Алдыңғы жылдары он жұп отбасын құрса, оның екеуі ажырасып жататын. Ал қазір онның сегізі екі жаққа кетеді екен. 2013 жылы елімізде 43 мың отбасы ажырасқан. Еліміздегі жалғыбасты аналар саны 445 мыңнан асып жығылса, жалғызбасты әкелер саны 42 мыңға жуық. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбіне жалғызбасты аналар жезөкшелік, ал әкелер ішкілікті жолды таңдап жатады. КСРО кезіндегі жезөкшелікке салынған тыйым алынып тасталғалы бұл саладағы қыздарымыздың қатары күннен күнге көбейіп барады. Толық отбасында өспей, ерте жастан психикалық қысастыққа ұрынғандардың басым бөлігінің де болашағы бұлыңғыр. Көбіне ондай отбасынан шыққандар ерте түрмеге отырады немесе ішкілік, есірткі секілді тағы басқа нәпсінің құлына айналады. Міне, осы сорақы дәйектер үлкендер үшін де, балалар үшін де елімізде сауатты құрылған отбасылық тәрбие моделінің жоқтығын білдірсе керек.

Жалпы, мемлекет қыздар тәрбиесі, отбасы саясаты үшін не істеп жатыр?.. Егер деректерге сүйенсек, мемлекеттің нақты себеп-салдармен күресіп жатпағанын анық аңғаруға болады. Үлкен мінберлерде жалғызбасты аналар мәртебесін, жезөкшелік қызметті заңдастыралық деп шуласып жатады. Әлеуметтік төлемдерді көбейтейік, алимент қорын құралық деген ұсыныстар да айтылады. Бірақ ұлттық тәрбие жайына ешкім көңіл бөліп жатқан жоқ.

Қазақстан әйелдер қауымдастығы он жылға жуық "Қазақ келіні" мектебін құрайық деп шуласты. Бірақ ол сол күйі сөз жүзінде қала берді. Есесіне сырттан, әсіресе Ресейден келген психолог-сымақтар бұл мәселеде Қазақстаннан күреп ақша тауып жүр екен. Бір мысал. Ғаламтордан "бәленшенің атындағы "Отбасы академиясы" отбасыңыздың шырқын бұзбауға көмектеседі" деген жарманы көзіміз шалып қалды. Тексере келе, оның ресейлік екенін анықтадық. Олар еліміздің барлық өңірінде боп дәрістер оқып жүр. Сайттарында өз мекемесінің мақсатын әйелдерді төсек қатынасына тәрбиелеу деп бадырайтып жазып қойыпты. Келушілер санын да жарнамалап отырады. Қазақстаннан тіркелгені – бірнеше жүз мың. Мәселен, олар 13 қыркүйекте Атырауда боп кепті. Енді Павлодарға аттанғалы отыр екен. Әрине, төсек қатынасы әдебінің отбасылық өмірде өзіндік рөлі бар. Бірақ өзге ұлттың психологтары еркекке де, әйелге де төсек тәжірибесін арттыру үшін бөтенге ұрын баруға кеңес беретінін жақсы білеміз. Осы жағынан алғанда, ұлттық құндылығы жоқ мұндай бөтен мамандардың қазақ отбасына берері шамалы деп санаймыз. Тағы бір жағынан, біздегі жағдай көбіне мінезге, көрген-түйген тәрбиесіне кеп тіреліп жатқан жоқ па?..

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети