Қазақстан Орталық Азия мен Қытай арасында маңызды көпірге айналып отыр - сарапшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға жиі келуі - Қазақстанның Бейжің үшін маңызды екенінің айқын көрсеткіші. Бұл туралы қазақстандық сарапшы Қанат Оспанов айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға жиі келуі - Қазақстанның Бейжің үшін маңызды екенінің айқын көрсеткіші. Бұл туралы қазақстандық сарапшы Қанат Оспанов айтты.

Сарапшы қытайлық көшбасшы Қазақстанға алтыншы рет келгенін еске салды. Кейінгі үш жылда ол Астанаға екі рет келген, ал пандемиядан кейін алғашқы шетелдік сапары ретінде елімізді таңдаған.

2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекорд деңгейге, яғни 30 миллиард долларға жетті, оның жартысы қазақстандық экспортқа тиесілі.

"Бұл Қытайдың отандық тауарларға деген қызығушылығы артып келе жатқанын және еліміздің Азия бағытындағы ұстанымы нығаюын білдіреді", - деді сарапшы.

Қанат Оспанов Қытай Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі екенін айтты.

"Қазірдің өзінде 10 миллиард долларға 63 бірлескен жоба іске асырылды, тағы 60-қа жуығы жоспарланып отыр. Жалпы инвестициялық портфель 57 миллиард доллардан асады және өнеркәсіп, энергетика және логистика сияқты салалардағы 200-ден аса жобаны қамтиды. ...17 маусымда Астанада өңірдің көшбасшыларының қатысуымен "Орталық Азия - Қытай" саммиті өтеді. Қазақстан Орталық Азия мен Аспан асты елі арасындағы маңызды көпірге айналып отыр", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 16 маусымда Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer